0 дауыс
602 көрілді
Мен биыл яғни 2016 жылы мектеп бітірпекпін.Таңдау пәнім әдебиет .Сіздерге сұрақ қандай жақсы мамандықтар бар?Проходной балымен және грант балымен жазсаңыздар.Қандай ЖОО таңдаған дұрысырақ ?

1 жауап

0 дауыс
Әдебиет пәні бойынша мамандықтарды (филология, журналистика) таңдасаңыз басқа саладағы жұмыстардан шеттетіліп қаламын деуге тағы болмайды. Медицинада, техникада, физика, математика, география, туризм салаларында да әдебиетшілер мен журналистердің атқаратын өзіндік рөлі бар. Тіпті, мемлекеттік қызметке де қабылданасыз.

ҰБТ сынағынан әдебиет пәні бойынша сүрінбей өтіп, жоғары балл жинасаңыз, сізді бірнеше мамандық қарсы алады. Әрине, олардың барлығы дерлік гуманитарлық мамандықтар.

Сіз әдебиет пәні бойынша кез келген университеттің (ЖОО) филология факультетіне тапсыра аласыз. Ал, филология факультетінің ішінде тағы бірнеше мамандық бар.

Ең біріншіден, филология факультетін бітіріп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы боласыз.Мектепте мұғалім боласыз немесе басқа да салада қызмет етуге болады (бұл туралы төменде тарқатып жазамыз).  Мұғалімдіктен бөлек қазақ филологиясы, лингвистика, аударма ісі сияқты тереңдетілген мамандықтар бар. Бірақ, бұл аты аталған мамандықтар барлық университеттерде кездеспейді.

Екіншіден, әдебиет пәні бойынша журналистика факультетіне тапсыра аласыз. Журналистика факультеті де барлық ЖОО-да бар деу қиын. Бірнеше университеттерде арнайы журналистика кафедрасы жұмыс істейді.

Филология және журналистика мамандықтарына көбіне шығармашылыққа бейім (ақын, жазушы, драматург, сыншы) жастар келеді. Әрине, мүлдем басқа салада да жүріп ақын, жазушы, драматург, сыншы болуға мүмкіндік бар. Ал, филология және журналистика саласында жүріпшығармашылықты шыңдауға үлкен мүмкіндік бар. Мәселен үлкен мектеп, әдебиет саласының профессорлары мен академиктерінен дәріс алу, әдеби, рухани орта, шығармашылық кештер ұйымдастыру. Тіпті, университет қабырғасында жүріп те бірнеше істі тындыруға болады.

Мәселен:

Отандық және әлем әдебиетін оқып, зерттеп, әртүрлі әдеби журналдар мен мерзімді басылымдарға талдау мақалалар жариялауға болады;
Газет-журналдарда корректорлық қызмет атқарып, мақаллаарды өңдеумен, қатесін түзеумен айналысып, тәжірибе жинауға мүмкіндік бар;
Әртүрлі тақырыпта сын жазып (әдебиет, мәдениет), автор ретінде атыңды қалыптастыруға болады;
Басқа тілдерді меңгеру арқылы, өзге тілдің жауһарларын қазақшаға аударуға болады;

Филология факультетін бітірген соң магистратура оқып, ары қарай ғылым жолына түсуге болады. Мектепке мұғалім боп, басқа да мамандық бойынша қызметке кірісуге мүмкіндік бар. Журналистика мамандығы бойынша да солай:

PR-маманы
Драматург
Журналист
Корректор
Баспашы
Тілші
Әдебиет сыншысы
Әдебиеттанушы
Көркем әдеби шығармаларды тәржімалаушы
Баспасөз-хатшысы
Редактор
Сценарист
Тележүргізуші

Филология мен журналистиканы бітіріп те ел басқарып жүрген жандар бар. Фильмдерге түсіп, ән салып жүрген де өнер иелері бар. Сондықтан, ең бастысы бойыңызда бар қабілетіңізді мейлінше тиімді пайдалану. Әдебиет пәнін таңдау арқылы басқа мүмкіндіктерден қағыламын деуге әсте болмайды.
...