+1 дауыс
Сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
19.05.2013 12.9k қаралым

2 жауап

+3 дауыс
Сөйлем мүшесі деп сөйлем құрамында тұрып, белгілі бір сұрауға жауап беретін толық мағыналы сөзді, сөз тіркесін не күрделі сөзді атаймыз. Сөйлем мүшелері сөйлемдегі маңызына, қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Тұрлаулы мүшелер деп сөйлемнің негізгі мүшелері болып саналатын бастауыш пен баяндауышты атаймыз. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері Тұрлаусыз мүшелер деп сөйлемдегі анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш мүшелерді дейміз.
19.05.2013
жариялады
рахмет(handshake)
оқасы жоқ!
0 дауыс
тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді.
20.05.2013
127,960Сұрақ
322,892Жауап
153,169Пікір
73,013Қолданушы