+2 дауыс
8.0k көрілді
Анализ демекші. Осы венадан алынатын анализ бен саусақтан алынатын анализдің қандай айырмашылығы бар? Екеуі де қолымыздан алынатын қан емес пе?! Айырмасы не? Қайта қайта инемен тесе бергенше бір жерден алсаң болды да деп әжем дәрігерлермен ұрсушы еді.

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Саусақта майда қан тамырлар - капиллярлар бар.Ал қолда ірі қан тамырлар - вена қан тамыры бар болады.Қанның мөлшерін анықтау кезінде саусақтан,ал ауруларды анықтағанда ірі қан тамырлардан алынады.Өзіңізде көрген боларсыз.Саусақтан алынған қан мөлшері аз болады.Майда қан тамырлардан аз мөлшерде алынып,тексеріледі.Ал ірі қан тамырлардан оған қарағанда көп мөлшерде қан алынады.Ауру кезінде анықтауларда керек қанның мөлшеріне орай,сараптамалардың да алынуында осындай айырмашылықтар болады.

+2 дауыс

Қазіргі кезде саусақтың орнына тамырдан да ала береді,ешқандай айырмашылық жоқ.Клиникалык анализдерді тексеру үшін тамырдан алуға арналған арнайы ваккутайнерлер шығарылғанына бірнеше жыл болды.Ал биохимиялық анализдерді толық тексеру үшін тек тамырдан алынады.Сонымен қатар биохимиялық қант,триглицерид,холестерин мөлшерін тексеру үшін саусақтан қан алып тест арқылы тексеретін аппараттар бар.

...