0 дауыс
996 көрілді

Бұл өмірде әділет бар ма?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Айналаға қарап отырсақ,бейне бір әділет атаулы жоқ секілді көрінеді.Алайда сол әділеттің болғандығын білеміз.Жемқорлық әлемді жаулап ала бастаған сайын,әділетті жүрек түкпірлеріне жасырып қойдық.Бірақ онымен әділет жоқ деген шешімді нақты қабылдай алмаймыз.Егер сіз бұл өмірде әділет бар десеңіз,демек,бар болғаны.Себебі,оны жасайтын өзімізбін.Әділеттің жоқ болып бара жатқанына жалғыз себеп - байлыққа деген бір сәттік әуестік.Алайда әділдік бар.Оған сенетін жүрек түкпірінде бір күш бар.Бұл өмір - теңіз.Ал әділет ғайып болар болса,сол теңіздің түбіне барып жасырынады.Теңіздің тартылар,ал әділтіктің жарыққа шығар күні бар.Әділдік болмаса қарының жанында ақ,Тозақтың жанында Жұмақ болмас еді..Әділдік барына сенсек қана,оны бар ете аламыз.Жауабымды Мұқағалидың мына өлеңімен аяқтағым келеді.

Мына дүние әділдіктен жаралған,
Өз орнында: жер де, күн де, тау, орман.  
Бір-бірінен қуат алған, нәр алған,
Мына дүние әділдіктен жаралған.
 
Күн барады әділдігін арқалап,
Әділдігін бөлеп жатыр шартарап.  
Әділдік деп жүргеніміз біздердің –
Бар ғаламға, әлемге ортақ салтанат.
 
Мынау өмір әділдіктің тұрағы,
Мынау дүние әділдіктен тұрады.
 

0 дауыс

Кей каздерде болады кей кезде болмайды өмір өзі сондай бәріне.

0 дауыс
өмір қатал болғандықтан бұл өмірде әділетте, әділетсізде бар
0 дауыс

Өмірде әділетте,әділетсіздікте бар.Әділетсіздік болмаса бұл жүре алмаймыз.Бұл өмірде әділетсіздік көп болады.Кейбіреулеріне әділеттілік.

0 дауыс

Әрине, оны жасауға болады. Яғни, толыққанды барлық адамдарды қанағаттандыру тұрғысынан емес, өзіңіз үшін, айналаңызда әділеттілік орнату. Ойымша, алдымен адам өзінен бастау керек. Бұл жерде білім, ілім, физикалық мүмкіндік, финанс жағынан, еркіндік, психологиялық мықтылық жағынан жағдай жасау керек. Қанағат та керек сияқты. Бұл 100% шешім емес. Алайда, өмірге шағымдануды доғаруға себеп болатын сияқты.

...