+3 дауыс
818 көрілді

Өткенде бір бағдарламада "Түрме қандай болуы керек?" деген тақырыпта пікірталас өтіп жатыр екен. Пікір былайша екіге жарылды: 

1. Түрмеде қылмыскерлерге қажетті барлық жағдай жасалу керек. Олардың түрмеде болған мерзім ішінде  кітап оқуы, ән тыңдауы, ТД көруі, спортпен айналысып денсаулық сақтауы, өз хоббиімен шұғылдануы, мамандығын жетілдіріп  қоғамның толыққанды мүшесі болуы керек. Себебі түрмеден шыққан соң да қоғамда бізбен бірге тұратынын ұмытпайық. Адамды қинау арқылы емес, үйрету арқылы жақсы жолға салу керек. 

2. Егер түрмелерде сіздер айтқандай жағдай жасалса, қылмыскерлер еш қылмыс істемеген адамдардан да жақсы ортада өмір сүреді деген сөз бе?! Шыны керек, қоғамда баспанасы, ішерге асы жоқ адамдар жетерлік. Бұл әділеттілік пе? Ал олардың қылмысынан зардап шеккен адамдар мұндай "рахат өмірді" жаза деп айта ала ма? Сонда қоғамда "жаза" деген ұғым "түзетумен" ауыстырала ма? 

Сіздің ойыңызша түрме қандай болуы керек? Қайсы пікірмен келісесіз?

Төменде Еуропа елдеріндегі (Норвегия, Аустрия) бірнеше түрменің суреті: 

Ал Жапонияның әйелдер түрмесінде қара немесе көк түс әйелдер үшін рухани тұрғыда қысым түсіреді деп түрме жабдықтарын, есік-терезені, форманы, тіпті көрпе-жастыққа дейін қызғылт түске ауыстырыпты:

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Анау түрме ме?

Ана түрмеге адам түскісі келіп тұрады,тіпті ана түрмеге түсу үшін адам қылмыс жасағысы келіп тұрады ғой))

Негізінде түрме қандай болуы керек:

Түрмені өзім қатаң режимде болуы керек деп ойлаймын,себебі қателігін түсініп кететіндей,ендігәрі қылмыс жасамайтындай болуы керек.

Бірақ кітап оқуға,спортпен айналысуға,жақсы мотивациялық фильмдер көрсетуіне қарсы емеспін,керісінше ол дұрыс секілді.

Және бастысы аптасына бір рет болсада психологиялық сабақтар болып тұрсада артық етпес.

ӨЗ ОЙЫМ!!!

+3 дауыс
Шынымен екі пікірде де шындық бар,  бырақ  шығыстағы жаза түрлері басқаларға сабақ болатын жаза түрі деп ойлаймын, ұрлық істесе қолын кесіу, адам өлтірсе өлім жазасын белгілеу.

Айтадығо     Айуды  намазға  үйреткен   таяқ  деп, олда бостан бос айтылған пікір емес шығар арасында шындықтың сынықтары бар шығар,  сол сияқты   таяқта   адамды   тәрбиелейді деп сеніммен айтыуға болады !!!
Келісем сізбен
+1 дауыс
Түрмедегілерді ауыр жұмысқа салу керек.
...