+1 дауыс
15.8k көрілді

Қалай пысық болуға болады???

6 жауап

0 дауыс

ХеХ. Қызық сұрақ екен. Пысық болу үшін ұялмау керек. Ең бастысы ақылды болу керек сонда пысық болып өсесің. Пысық болудың өзі ата-ананың тәрбиесінен басталады осыны есіңнен шығарма. Сеніңде балаң болғанда пысық қылып тәрбиелейсің ғой.

+2 дауыс

Әрине, қазіргі пікір пысықтықтың жолын көрсетпесі анық. Бірақ, істің нәтижелі болуына себеп болады деген ойдамын:

- Әрқашан бірнеше қадам алға ойлап отыру керек. Мысалы, концертке бару керек. Кешке басталады. Билет қолда. Бара салумен шаруа бітпейді. Концертке кешікпес үшін, шамамен ерте уақыт белгілеп, оған резерв бірнеше он минут және қосылады. Киім дайын болуы керек. Концерт көріп шыққанда, кеш болуы мүмкін. Таксиге қаражат дайын болуы керек. Үйге келгенде жылдам дайындалатын ас, ертең азанда шаруа болса, кешке қалдырмай, концертке баруға шыққанға дейін тындырып тастап, концерттен келген соң жеңіл астанып, аз іспен шұғылданған соң дем алуға дайын болу. Бұл қарапайым ғана мысал. Бірнеше қадам алға ойлап, тиімді қадам жасауды шахматшылар жақсы білуі керек.

- Уақытты тиімді жоспарлау білу. Адам өзін қадағалау. Ісін, тәртібін, әрекетін. Сол кезде, ісі нәтижелі, ешкімге тәуелді болмай ойнап-күліп еркін жүруіне мүмкіндік болатын сияқты.

+2 дауыс

Ең бастысы пысық болу емес, өз-өзіңе сенімді болу. 

Меніңше жуастық пен ұялшақтық екеуі екі бөлек нәрсе. Ұялшақтық сол пысық болып, өз-өзіңді көрсетуге кедергі болатын нәрсе. Ұялшақтықтан арылуға болады. Ол үшін адамдардың қараған көздерінен қорықпауға үйрену қажет. 

Жалпы сен пысық болуың мүмкінсің қазір. Тек пысықтығыңды керек жерінде көрсете алмай қаласың. Ал, былай шыға бере көп сөйлейтін адам болуыңда мүмкінсің. Бұл менің ойым.

Сосын істейтін шаруаңды жалғыз өзің жасай бермей адамдармен араласып жасап көр.

+1 дауыс

Пысық деген ұғымды әртүрлі мағынада айтуға болады. Үй шаруасына пысық болу үшін анаңнан, жеңгелеріңнен көп нәрсе үйрену керек. Адамдармен қарым-қатынаста пысық болу үшін ашық мінезді, көңілді адам болуға тиістісің. Оқуда пысық болу үшін сабақ материалдарын түсініп оқып, тек оқулықпен ғана шектелмей, интернеттен қосымша қызықты мәліметтер оқып, оны сабақ барысында қолдана білу қажет.

0 дауыс
ол адамның өзіне байланысты бәрі бір пысық болғаны мен мәңгі пысық балып қалмайды ал пысық болам десең еш қашанда ерінбе
0 дауыс
Пысық болу үшін ең бастысы тәртіп керек деп ойлаймын
...