0 дауыс
6.9k көрілді

Жаңа жылған анам екеуміз торт жасайық деп едік бірақ қандай жасасақ боларын білмей отырмыз.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Менің ең сүйікті тортым «Наполеон». Алайда ол тортты осы уақытқа дейін жасап көрген емеспін, жасалу жолы қиын болғандықтан батылым жетер емес. Содан бір күні «Наполеонға» ұқсайтын, бірақ жасалу жолы оңай торт жасаудың әдісін ойлап, асханаға келдім. Сөйтіп торт жасауға арналған заттарды алып, торттың қамырын дайындадым. — Май — 100 гр. — Қант — 1 стақан — Бал — 2 ас қасық — Жұмыртқа — 2 дана — Ұн — 400 гр. — Сода Алдымен баяу жанып тұрған отқа ыдыс қойып ішіне май, қант, бал, екі жұмыртқаны салып араластырамыз. Әбден араластырып болғаннан кейін үстіне 200 гр. ұн саламыз. Ұн мен қоймалжын қоспаны толықтай араластырамыз. Үстінен қалған 200 гр. ұнды салып, қамыр илейміз. Дайын қамырды бөліктерге бөлеміз. Қамырды жайып, майланған табаға салып, піскен кезде қамыр үрленіп кетпес үшін қамырға тесіктер жасаймыз. Сөйтіп алдын ала қыздырып қойған духовкаға қамырды саламыз да, күйіп кетпес үшін қарап тұрамыз (бір қамыр небәрі 3-4 минут піседі). Торттың кремі үшін: — Қоюлатылған сүт — 1 банка — Сары май — 200 гр. Қоюлатылған сүт пен майды қосып, үлпілдеген крем шыққанша миксермен араластырамыз. Кремді барлық нандарға жағып, дайын тортты 5-6 сағатқа тоңазытқышқа салып қоямыз. Тоңазытқыштан алып, торттың үстіне кез-келген өзіңізге ұнайтындай етіп безендірсеңіз болады. Мен торттың үстіне шоколадты ерітіп, оның үстіне грек жаңғағының үгітіндісін септім. Асыңыз дәмді болсын

 

Жәнеде Сникерс торты:

Қамырына:

Жұмыртқа – 2дана
Қант – 100гр
Қаймақ – 1 стакан
Какао – 3 ас қасық
Разрыхлитель – 1 пачка
Ұн – 300 гр

Креміне:

Сгущенка – 1 банка
Сары май – 250 гр
Жержаңғақ

Жұмыртқаны жарып , қаймақ, қант, какао, разрыхлитель ұн қосып қамырын илеп екіге бөліп екі корж пісіреміз. Піскен соң алып суытамыз. Енді кремін дайындап аламыз. Сары майды бөлме темпиратурасында ерітіп оған сгушенканы құйып жақсылап миксермен араластырамыз. Жержаңғақты аздап қуырып алып, майдалаймыз. Дайын корждарымыздың арасына кремін жағып біріктіріп тортты айналдыра кремін жағып шығамыз. Торттың бетіне және айналдыра жержаңғақты себеміз.Тортымыз дайын.

 

Жаңа жылдық торт:

Торт құрамы:

2 жұмыртқа
150г қант
2 пачка ванилин
80г ұн
20г картоп крахмалы
1 шәй қасық разрыхлитель
3банка абрикос
10 шәй қасық желатин
350г иогурт
300мл шампан
750г қаймақ
50г шоколад

Жаңа жылдық тортың дайындалу әдісі:
Жұмыртқаның ағын жақсылап копіргенше араластырып, 1 пачка ванилинмен 50грам қантты қосамыз. Жұмыртқаның сарысын ұн және разрыхлителмен араластырамыз.
Екі қоспаны біріктіріп қызып тұрған пешке тортқа арналған формаңызға қамырымызды құйып 20 минутқа қоямыз. Піскен соң алып суытамыз.8 шәй қасық желатинге аз мөлшерде суды құямыз да сәл қойып қоямыз. Абрикостын аз мөлшерін алып 2 шәй қасық желатинмен араластырамыз. Ал иогуртты қалған желатинмен және 70грам қантпен араластырамыз. Азғана шампанды қосамыз да барлығын миксермен араластырып соңынан қаймақты қосамыз.Дайын кремімізді бисквитке айналдыра жағып беткі жағын өз қалауыңызша гүлдендіріп әсемдеуге болады. Дайын тортымызды тоңазтқышқа қоямыз.

Рахмет сізге! Анама міндетті түрде айтам.
Ұнаса ЖЖ бас
Анама міндетті түрде айтам.
0 дауыс

www.epovar сайтынан қарап көр. Қазақша керек болса, www.massaget.kz сайтында да біраз рецепттер бар.

Рахмет!...
0 дауыс

Зефира сайтында рецептер бар бірақ орысша.

Торт жасау.

Рахмет!.........
...