0 дауыс
7.4k көрілді
Торт,тәтті тағамдар дайындау үшін кейбір тағамдарға кілегей қосу керек.Бірақ мен оның не екенін білмеймін.Қандай тағам екенін айтып жіберсеңіздер.Және орысша қалай аталады?

4 жауап

+1 дауыс
Кілегей (Сливки) — сүтті сепаратордан өткізгенде алынатын, майлылығы жоғары сүт тағамы; тағамдық мәні де жоғары: құрамында А, Д, Е витаминдері мол. Кілегей 1 және 2-сортты сүттен алынады. Сепараторға түскен сүтортадан тепкіш күштердің әсерінен кілегей мен көк сүтке ажыратылады. Көк сүттің майлылығы 0,05%-дан аспауы керек. Сүттің сепараторда жақсы бөлінуіне сүттің температурасы (35-40° С болғаны дұрыс), тазалығы, барабандағы тәрелкелер саны, барабанның айналу жиілігі, сүттің қышқылдылығы факторларының өсері болады. Сепаратордан шыққан Кілегей қышқылдық көрсеткіштері бойынша бірінші және екінші сортқа бөлінеді.
рахмет!!!!!!
+1 дауыс
Кілегей деп кей жерлерде "сметананы" айтады. Торт, тәтті тағамдар жасауда көбіне сол сметананы пайдаланады.
Сонда кілегей деген қаймақпа?Әлгі ауылда сүт тартатын машинадан алатын еді сол кілегей емеспе?
0 дауыс
кілегей деген сливки,  ал сметана деген қаймақ
0 дауыс
Кілегей деген қаймақ.
...