Көкшетаудағы Оқжетпес, Жұмбақтас жайлы ақпарат керек ???

0 дауыс
9.6k қаралым
Әсіресе Жекебатыр тасы жайлы болса, суреттерінде салсаңыз.
• Санаты: Жалпы сұрақ

3 жауап

+3 дауыс
Жақсы жауап
Жұмбақтас жайлы http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D2%B1%D0%BC%D0%B1%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%81
Жеке батыр жайлы орысша http://as-ka83.ya.ru/replies.xml?item_no=375
http://pda.sxnarod.com/index.php?showtopic=71499
0 дауыс
«КӨКШЕТАУ» ПОЭМАСЫ Арқаның кербез сұлу Көкшетауы Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар келіп, Жүреді біліп кетіп есен-сауын. Сексен көл Көкшетаудың саясында. Әрқайсы алтын кесе аясында, Ауасы дертке дауа, жұпар иісі― Көкірек қанша жұтса, тоясың ба? Ырғалған көкке бойлап қарағайы, Қасында көк желекті аппақ қайың. Жібектей желмен шарпып төңіректі Балқытып мыс қылады иіс майы. Әлеуметтік өмірде, Совет өкіметі үшін күрес жолында ұлтшылдыққа қарсы батыл күрескен.. олардың кертартпалық сыпаттарын үнемі ашып айтып, әшкерелеп отырған Сәкен әдебиетте де осы жат ағымға қарсы үн қатты. Халық аңыздарын зерттей отырып, ақын осы поэмасында Арқаның көрікті жері — Көкшетауды ел тарихымен, оның ізгілік жолындағы күрестерімен байланыстыра жырлады. Ұлтшыл қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев шығармаларында, әсіресе, оның «Батыр Баян» поэмасында табиғат ылғи қара жамылған қасіретті күйінде көрінсе, Сәкен «Көкшетауда» табиғаттың ашық көркем күйін советтік жаңа адамдардың жарқын болашағымен байланысты суреттеді. «Көкшетау» поэмасының 1929 жылғы басылуына Сәкен «Он жетіге» деген беташар ұсынған. Бұл он жеті — еңбекші елдің ұлдары, советтік ақын-жазушылар, әншілер. Бұлардың ішінде Сәбит Мұқановтың, Елжас Бекеновтың, Мәжит Дәулетбаевтың, Ғабит Мүсіреповтың, Өтебай Тұрманжановтың, Сабыр Шәріповтың, Бейімбет Майлиннің, тағы басқалардың аттары аталады. Ақын поэмасын осыларға сыйға тарта отырып, советтік дәуірдегі творчество бостандығын, ақын жыры өз меншігі емес, халықтың ортақ меншігі екендігін баса айтады. Сондықтан да ол шығармасын қазақ ақын-жазушыларының біріне емес, бәріне ұсынады. Тартпаған бірімізге неге дербес? — Деспей көп, бар мәзірге бәрік селбес! Бәрін де ортақшылсың, меншікті емес Сендерге жеке меншік ешкім бермес. ... Ойым мен жүрегімнің күй мен жыры Ұлдары еңбекші тап — бәріңе ортақ, - дейді ол. Бұл бөлімде творчество адамдарының жаңа салты ескі жыршы, шайыр, ақындардың дәстүріне қарсы қойылады. Ақындықты творчесво деп сыйламайтын, оны тек күн көріс, мал табу үшін пайдаланған жыршылардың ескі дәстүрі кезінде Абайды да қатты тыжырынтқан еді. Ұлы ақын оларды өз өлеңдерінде аяусыз шенеді. Қобыз бен домбыра алып топта сарнап, Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап. Әр елден өлеңменен қайыр тілеп, Кетірген сөз кадірін жұртты шарлап. Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап, Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап, Жат елде қайыршылық қылып жүріп Өз елін «бай» деп мақтар кұдай қарғап. Абайдың бұл сыны, көбінесе, әркімге мақтау өлең айтып, ат мініп, шапан киіп кайтатын, айтыса қалса өзінің жүдеушілік халін есіне алмай, елінің байларып мақтайтын феодалдық дәуірдің ақындарына арналған еді. Осындай теріс әдеттердің салдарынан «қазақта өлең деген бір қадірсіз» болғанын Абай көріп, кейіді. Заман өзгерісін, оның жаңашыл бағытын түсінген ұлы ақын ән мен күйге, өлең жырға үлкен творчестволық мән-мағына берді. Халық өмірінің ән-күймен тығыз байланысты өрбуі заңдылығын түсінген ол ақындық сөзді елге рухани азық берер қасиетті де қадырлы еңбек деп бағалады. Сый дәметпе, берсе, алма еш адамнан, Нең кетеді, жақсы өлең, сөз айтқаннан. Сүйінерлік адамды сүй, қызмет қыл, Аулақ бол елін сатып ақша алғаннан. — деп ақыл айтты ол. Абай өз мақсаты — «тіл ұстартып, өнер шашу» деп жариялады. Ескі бише отырмын бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрмын зарлап,— деген жолдар — ақынның жаңашыл бағдарламасы еді. Ол халықтық поэзияны нағыз творчество деп бағаласа, ақынды үлкен әлеуметтік мәселе көтеруші, қоғамдық қайраткер есебінде санады. Бұл пікір, сөзсіз Абайға орыс әдебиеті арқылы келген, әдебиеттің халықтығы жөніндегі XIX ғасырдағы орыстың революцияшыл-демократтарының көзқарастарымен туыстас еді. Айтысқа көп қатынасып, қырғыз-қазақ байларынан ат мініп, шапан киюмен кебірек әуестенген Сүйінбай ақынның өмірінің соңғы шағында: Ойласам қылған ісім бекер екен, Тіршілік бұл дүниеде шекер екен. Дүниеде өзің қандай болсаң-дағы Тіленсең өз қадірің кетеді екен,— деп өкініш білдіруі тегін емес. Ақын тіленшілікпен сөз қадірін кетірген кездегі істерін бекершілік санайды. Абай сыны кезінде талай ақындарға сабақ болғаны даусыз. Соған қарамастан қоғамның әділетсіз кезінде, кедей ақындардың мал табудың осы жолынан таза тоқтап қалуы мүмкін де емес еді. Мұндай теңсіздікті тек Совет өкіметі ғана жойды. Сәкен де жаңа ақындық салтты айта отырып, осы ескі ақындар дәстүрін еске түсіріп, оның жойылғанына ілтипат білдіреді. Қазақта бұрын жыршы, шайыр, ақын Тамағын өлеңменен айыратын, Жыр шерткен ақындарды алдына кеп, Мырзалар «жолын беріп» қайыратын. Мырзаны ептеп солай «шабатүғын» Ақынның мырза көңілін табатұғын. Лықитып ет-қымызға, ат міңгізіп Иығына жібек шапан жабатұғын,— дейді ол. Ақын ендігі салттың «бұрынғымен арасы жер мен көктей» екенін атап көрсетеді. Сондықтан да ол: жаңашыл жазушылар — еңбекші ел ұлдары. Олардың творчествосы да халықтікі, ортақ деген қорытынды жасайды. Бұл, сонымен бірге, Сәкеннің Көкшетау аңызын да жаңа тұрғыдан жырлайтынының да көрінісі тәрізді. Поэманы Көкше табиғатының сұлу көркін суреттеуден бастаған ақын ол туралы ел ішінде толып жатқан аңыздар барлығына назар аударады. Талай сыр ертегіні ел айтады, Ызындап таудан сокқан жел айтады. Сырласып, сыбырласқан жапырақтар, Күндіз-түн күңіренген көл айтады. Толғанып төмен қарап шал айтады, Тамсанып таңырқанып бала айтады. Тау-тасын тұнжыраған куә қылып, От басы қатын-қалаш бәрі айтады. Сәкен Көкше аңыздарының ішіне «Жеке батыр», «Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас» туралы әңгімелерді бөліп алады. Бұл аңыз әңгімелер Көкшетаудағы бірнеше жерлердің жоғарыдағы аттарға ие болуы жайын шертеді. «Жеке батыр» тауының аты қарауылда тұрған батырдың қалғып кетуімен байланысты туса, «Бурабай» сол көлді мекен еткен ақ бас бура тарихымен байланыстырылады. Ақынның ескі аңыз-әңгімелерге сын көзімен қарап, оған халықтық тұрғыдан баға бере білгенін осы тұста анық байқауға болады. Сәкен жырлауындағы ел аңызында Бурабай көлін мекендеген ақбас бура — ардақты ел күзетшісі, соның жақсылық, жаманшылығына ортақ жануар болып суреттеледі. Мұның өзі тіршілігі төрт түлік малмен байланысты болған халықтың сол малды аруақты деп табынуы кезіндегі ұғымның әсері болуы ықтимал. Ақ бура ел өміріне қатысы бар елеулі жайларды алдын ала сезетін болған деседі. Оны елге білдіруге тырысып, бақсыдай азынап тауды кезген. Шабысып бірін-бірі ел қуар болса, Не өлмек, не бір батыр туар болса, Немесе бір апатқа ел ұшырап, Кәрі-жас бетін жаспен жуар болса. Бақсыдай бура азынап жүреді екен, Мал шулап, иттер ұлып үреді екен. Қалың ел маңайдағы кұрбан шалып, Құлақты алдағы іске түреді екен. Қара бұлт тауды төніп басады екен, Күркіреп жерге зәрін шашады екен. Аспаннан қып-қызыл от жерге шашып, Таудағы аң пана таппай сасады екен. Осындай ел аңызындағы қасиетті бура бір күні ойда жоқта оққа ұшады. Бұл тұста ақын казақ хандарының озбырлық қылықтарын
0 дауыс
5 А алға :) Молдир

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
127,780 сұрақ
322,356 жауап
153,150 пікір
72,816 қолданушы