0 дауыс
9.7k көрілді

Қайнар Алагөзов Жайлы толық ақпарат беріңдерші..қайда қай жылы туылған және өлеңдері?

Қайнар Алагөзов

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
" Менің анкетам."

Аты-жөнің?
- Алагөзов Қайнармын.
Әкең бар ма?
- Бар еді ғой, жайдарлым.
Қазір қайда?
- Қара жерге тапсырдық.
Қайрылмасын түсінген соң қайғы алдым.

Анаң бар ма?
- Бар сенерім сол менің.
Алладан не тілемейсің?
- Өлгенін.
Не тілейсің?
- Пенде бар ма мәңгілік.
Көргеніндей қылсын, енді көрмегін.

Кім еді атаң?
- Көкен шалдың ұлымын.
Шегірткеден көп Шектінің бірімін.
Бауырларың?
- Отбасында үшеуміз.
Бір ағам бар, мен ортаншы, бір інім.

Үйлендің бе?
- Хас сұлуға үйлендім.
Әйеліңді сүйесің бе?
- Сүйгенмін.
Алғашқыда жүрек дүрсіл қағатын.
Ал, қазір ше?
- Сәл де болса, үйрендім.

Қанша адаммен сыйласасың?
- Жетеді.
Достарың кім?
- Аян, Құрал екеуі.
Олар кімдер?
- Сазгер бойдақ біреуі.
Біреуі ақын он жетіден некелі.

Ет жеймісің?
- Қазақпын ғой, шырағым.
Өз ұлтымның ұлы болу ұраным.
Қазақ саған не береді, ұланым?
- Біртүрлі екен сұрағың.
Сен қазаққа не бересің?
- Жанымды.
Арым үшін, уәдемде тұрамын.

Ұқсас сұрақтар

...