Іші кеуіп тұр ол баланың не жауырыны жабысып қалған.Алғашқы айларда сәбилердің асқорыту жүйесі толық жетілмегендіктен іш кебу, іш қату дегендер жиі болады. Емізу кезінде жұтқан ауа да ішін керіп, ауыртады. Ішін жайлап сипалау керек. Сәбидің ішін (қарнын) жылы ұстау керек (ішін анда-санда құйрық маймен майлап қойған да дұрыс).