0 дауыс
1.6k көрілді
Түсімде жақсы көрген жігітіме тұрмысқа шығып қыз босанып алыппын ол нені білдіреді?

2 жауап

0 дауыс

Түсті дұрыс жору үшін оны бүге-шүгесіне дейін есте сақтауға тырысу керек. Егер тұрмысқа шықпаған бойжеткен түсінде нәресте көрсе, бұл оның жуырда отбасын құрып, бала сүйетінін білдіреді. Негізінен түсіңде бала көру өмірдегі өзгерістер жайлы хабардар етеді. Егер ұл бала болса, бұл мансабыңыз жоғарылап, шығармашылық және қаржылық жетістікке жететініңіз. Қолыңызда нәресте ұстап тұрған болсаңыз, көкейіңізде жүрген жоспарлар іске асады, танымайтын адамдар сізге қол ұшын созады деген сөз. Ал қыз бала түсіңізге кірсе, бұл шабытыңыз артып, жаңа адамдармен танысып, саяхатқа баратыныңызды білдіреді. Түсіңізде бала емізсеңіз, іскерлік өмірде табыс күтіп, армандардың орындалуы, тұрмысқа сәтті шығатыныңызды көрсетеді. Ал түсіңізде өлі нәрестені көрсеңіз, бұл жоспарларыңыз іске аспай, ақша жоғалтып, қиындықтарды білдіреді. Шақалақты киіндірген болсаңыз, денсаулығыңыз нығайып, отбасыңызда шаттық орнайды. Ал ұйықтап жатқан сәби - алдағы уақытта өміріңізде бәрі тұрақты болатынын білдіреді. 

Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/1775827-tsiizde-nreste-kru-kandaj-magyna-bildiredi.html?utm_source=clipboard&utm_medium=article-fragment

0 дауыс

Романтикалық түс жору бойынша бала әдетте жетілмеген қарым-қатынасты білдіреді. Жағдайдың күрделілігі мен маңыздылығын сезінбей сіз немесе ғашығыңыз өзіңізді бала сияқты ұстайсыз. Егер түсіңіздегі нәрестенің жынысы сізбен бірдей болса, сүйіктіңіздің жылулығы мен мейірімділігіне мұқтажсыз. Жас қыз үшін түсінде баланы көру жүкті болатынын білдірсе, ересек әйел қызының немесе ұлының отау құратын ойы бар екенін естиді. Түсінде сәби көрген ер адам қарым-қатынасындағы сексуалды жайттарға қатысты әрекетін өзгертуі керек.Түсіңізде нәрестені көрсеңіз, оны қандай жағдайда көргеніңізге қарай түстің мағынасы да өзгеріп отырады. Сәби- шамадан тыс қуаттың, қуаныштың және бейберекеттіктің белгісі. Сонымен бірге ол әлсіздіктің, алаңдаушылықтың және кішігірім әбігерлікті де білдіреді. Өлі баланы көру – үлкен қиындықтарға және әлденеден көңілдің қалуына. Жорғалаған бала – жылдам шешімді талап ететін жағдайға түсесіз. Ұйқыдағы нәресте сіздің ұяңдығыңыз бен шамадан тыс сенгіштігіңіз туралы сыр шертеді. Күліп тұрып сөйлеп жатқан баланы көрсеңіз, жақында қуанышты хабар аласыз. Қолынан жетектеп апара жатқаныңызды көру де – жақсылыққа. Тығырықтан шыға аласыз.

...