+1 дауыс
944 көрілді
Сәби 28-ші аптасында дүниеге келетіні расталды. Бұл туралы не дейсіз?

2 жауап

0 дауыс
Ештеңе! Мүмкін солай шығар оны кім есептеп отырады дейсіз?!
Саған қатысы жоқ шығар есептеудің ал болашақ аналар үшін бұл ақпарат маңызды деп есептеймін!
+1 дауыс

Кеш жауап берсек те мынаны оқып көр, Ұлпан. 

Перзентхананың патологиялық бөлімшесінде туылады, әр жағдайда әр түрлі ғой.. Ерте туылғанда көп жағдайда өкпе қалыптасып үлгермей қалуынан бала ... . Қазір шүкір, елімізде ана мен бала денсаулығына барынша жағдай жасалып, өте көп қаражат бюджеттен бөлінуде, соның арқасында өте қымбат тұратын препарат (аты есіме түспей тұр) өкпе ткандерін қалыптастыратын, 1 ампуласы 1 жарым миллион тұратын, сол қажет болса кез келген жерге жеткізіледі (Алматыдан). Ерте туылған бала дене қызуын сақтай алмайды, оны КУВЕЗ аппаратына жатқызады, өздігінен тамақтана алмайды зонд арқылы тамақтандырады. 2 айдай перзентханада, қажет болса тағы 2 ай ауруханада жатады, содан кейін үйіне жіберіледі, ерте туылған балаға үйінде өте көп күтім қажет етіледі, тамақтануынан бастап, салмақ қосуын бақылау, массажы бар, баламен жұмыстеу қажет. Ерте туылудың ең қауіптілігі ДЦП диагнозы 1 жасқа толғаннан кейін қойылады. Аса мейірімді Алла барша сәбилерге денсаулық бересін.

...