Жаңбыр — бұлттан бөлініп жерге түсетін атмосфералық сұйық тамшылардың жиынтық атауы. Тамшылардың диаметрі 0,5 — 7 мм болады. Тропосфераның жоғарғы қабатында қалыптасқан қар, мұз түйіршіктері оның жер бетіне жақын қабатынан өткенде еріп жаңбыр тамшыларына айналады. Кейде жаңбыр бұлт арасындағы тым ұсақ тамшылардың бір-бірімен қосылуынан пайда болады. Жаңбырдың бірнеше түрі бар. Ақ жаңбыр — қатпарлы бұлттардан жауады, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Нөсер жаңбыр — будақ бұлттардан қатты жауып тез аяқталады; олар, көбінесе, төменгі ендіктерге тән. Диаметрі 0,5 мм-ден аспаған тамшыларды сіркіреме жаңбыр деп атайды, ол, негізінен, қатпарлы бұлттан шығып, өте баяу жауады.[1]
Жаңбыр — атмосфералық сұйық ылғалдың тамшыға айналып (0,5- тен 0,7 мм дейінгі) жерге себелеп түсуі. Жаңбырдың ұсақ тамшылы түрі: "ақ жауын" немесе "сіркіреген жауын", ал ылғалдың белгілі бір уақытта көп түсуі "нөсер" деп аталады. Қазіргі гидрологиялық есептеулерде жаңбырдың барлық жиынтығы есепке алынады.
Жаңбыр ағындысы (Дождевой сток) — су жиналу алабына өзен суы мен жаңбыр жаууынан жиналған су. Бұл жағдайдағы су көлемі жаңбырдың жауу ұзақтығына байланысты болады
Жаңбыр қарқындылығы (Интенсивность дождя) — ылғалдың сіңу шамасы (миллиметр өлшемімен) белгілі бір уақыттағы (бір минуттағы) жаңбыр қарқындылығы мен сол жерге белгіленген мөлшерлі суару нормасының берілуі. Жаңбыр қарқындылығы шалшық суға айналмауы қадағаланатын мұндай суару мүмкінді суару деп аталады.[1]
Жаңбыр өлшеуіш (Дождемер) - жер бетіне түсетін жауын-шашын мөлшерін өлшеуге арналған құрал.
Қабылдағыш беттің қызметін ауданы 500 см2 жаңбыр өлшеуіш шелек атқарады. Оны жер бетінен екі метр биіктікте арнайы Нифер корғанышының ішіне орналастырады. Жаңбыр өлшеуіш шелекте жиналған сұйықтықты жаңбыр өлшеуіш стақанмен өлшейді. Бұл стақандағы әрбір өлшем сызығы шелектің 0,1 мм-не сәйкес келеді.[1]
Жаңбыр тасқыны (Дождевой паводок) — қысқа әрі қатты жаңбырдан болатын, белгілі бір өзен тұстамасындағы су деңгейінің тез әрі қысқа мерзімдік көтерілуімен және тап осындай тез тартылуымен аяқталатын құбылыс. Кәдімгі су тасуынан ерекшелігі — жылда қайталанады, бірақ белгілі бір мерзімі болмайды. Жаңбыр тасқынының мөлшері кейде су тасуының деңгейінен де асып тусуі мүмкін.[1]
Жаңбыр ығы ("Дождевая тень") жаңбыр аз болатын, негізінен жел жақ беттегі ылғалды ауа ағыстары мен конденсацияланатын жауын-шашынды ұстап қалатын ық жақ беткейлер және ірі тау жоталарының соларға жанасатын аумақтары