Қазақша ән | 492 қаралды
492 қаралды
Жаңбыр жауып тұрғанда қандай ән тыңдағанды ұнатасыз.  Мысалы; мына көріністегі керемет, қайталанбас композиция ұнай ма?

6 жауап

Айқын - Тамшылап жаңбыр



Максим - Дождь



Осы екі әнді тыңдаған ұнайды. Екі құлаққа құлаққап тағып алып, көшемен серуендеген.
Жаңбыр жауып тұрған кезде, әуенді емес, жаңбырдың дыбысын тыңдағанды ұнатамын. Жаңбырдың дыбысы өз алдына бір терапия екендігі жиі айтылады. Жаңбырды шаң-тозаңнан, желден жердің тазарып қалуы деп түсінетіндерге, санасының да серпіліп, тазарып қалатыны белгілі шығар.
Мен жаңбырдың дыбысын ұнатасың ба деп сұрадым ба?  Қандай ән тыңдайсың дегенім ол басқаша, өз алдына бөлек дүние. Мысалы: маған осы Алика орындаған "Я зову вчерашний дождь"ән жүрегіме қатты әсер етті, орыстар оны очень трогательный деп жатады.
Жаңбырдың дауысы неге әуен емес екен (меніңше ол жаңбырдың дыбысын жақсы көремін деп ән, музыка ретінде айтып отыр), жалпы кез-келген музыка табиғаттан алынған,  музыкалық есту қабілеті жоғары адамдер  кез келген дыбысты әуенге айналдыра алады
(негізі мен де оған қосылам, жаңбырдың тырсылынан басқа қандай әуен керек)
Кейбір фанаттар үшін ол да әуен ғой, ондай адамдар өте сирек кездеседі. Ал біз шығармашылық әуен мен жаңбырдың тырсылын және табиғаттың дыбысын жақсы айыра аламыз.  Кароче  шатаспаймыз!
Адамның талғамы әр түрлі ғой, біреулер рокты даңғырлақ десе, біреулер керемет әуен санайды, Мысалы бүкіл әлем мойындаған Ұлы композитор Джон Кейдждің "4 минут, 33 секунд тыныштық" атты шығармасы туралы қандай ойың бар, (Бірақ оны оригинал тыңдамасың болмайды, арнайы залға барып (оны тыңдағандар зор әсер алған)

Егер аудио тыңдағың келсе:
http://fmusic.mobi/dzon-kejdz-john-cage-4-minuty-33-sekundy-tisiny
Музыкалық түсінігі бар адамдар тыныштықты да ұлы музыка деп түсінеді екен

Жаңбыр жауып тұрғанда мына әнді тыңдағанды ұнатам:

Tum Hi Ho

Меланхолия көңілімді басып, баяу әуендерді тыңдағанды ұнатамын. Мысалы, Ерденнің "Тамшы" деген әні жаныма жақын. Өткен күндер де есіме оралады

Жаңбыр жауған кезде Ninety one тобының "Қайтадан" және "Айыптама мені" әндерін тыңдаған ұнайды. Себебі, нөсерлеп тұрған жауын Q-pop стильіндегі әнмен үйлесім тауып терапия болады.
Shinee тобындағы Onew-дың орындауындағы "Rainy Blue" деген ән керемет. 91 тобының "Қайтадан" деген ән де ұнайды Smile Slim - Адасуда , бұл да ұнайды
118,354 сұрақ
305,191 жауап
153,292 пікір
67,547 қолданушы