+3 дауыс
11.2k көрілді
Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

11 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Адамдардың барлығына бірдей жақсы да ,жаман да қасиет беріледі.Тек қана біз адамдардың өзі оны әр қалай пайдаланамыз.Жаман мінезді адам болмайды.Оның жүрегінің түбінде бір ізгілік болады.Барлық адам тек қана жақсы мінезге ие емес.Оның бойында жаман да қасиет болады.Тек оны барлық адам қолданбайды.Біз барлығымыз пендеміз.Жақсы-жаман қасиет бәрімізге берілген.

+2 дауыс

Әрине болады...Қай жағынан алып қарағандада адамның жақсы қасиеті болады. Мейлі оның мінезі жаман болсын, бірақ ол адамның да жақсы жағы болады.

0 дауыс

Болады мінезі жаман адамда жақсы-жақсы қасиеттері де болады.

+1 дауыс

Адамда жақсы да, жаман да мінез, қылықтар, қасиеттер болады. Жақсы мінез, қасиет көп болса, ол кісі бізге,жақсы кісі боп көрінеді. Ал жаман қасиеттері көп болса бізге жаман адам болып көрінеді.

+1 дауыс
Меніңше жаман қасиеттерді де жақсы жағынан пайдалануға болады.
+1 дауыс

Барлық адамның мінезінің жақсы және жаман тұстары болады, кез келген адамда жаман да, жақсы да қасиеттер болады. Тек сол қасиеттердің иесі өз қасиеттерін сыртқа көрсете бермейді. 

Мінезі жаман адамның  бойында ең асыл қасиеттер табылуы мүмкін, тіпті сирек кездесетін қырлары да бар шығар.

Жақсы адамда жаман қасиет болуы да мүмкін. 

Адам өмірі осындай болғаны жақсы:

Бірақ жалғыздық жаман: 

http://stat18.privet.ru/lr/0a232fe5c3c054e98fdf011d00b268f2

0 дауыс

ИНЩ Аллах!!! Пендеміз ғой. Алла Тағала бізді солай жаратқан. Өмірде жақсылық пен жамандық қатар жүреді ғой. Ол заңдылық. Жақсылық жасаңдар!!! Жаратқанның миіріміне сеніңдер. Иманды болыңдар. Бұл өмірдегі барша тірлік жасағаның арғы өмірге азық жинағаның. Өмірде жасаған жамандықтарын болса, Құдайдан шын ниетпен кешірім сұраңдар. Раббым бәрін кешіреді. Мінез - деген табиғат қой. Бірде дұрыс бірде бұрыс сөйлейсің.  akosi-дұрыс айтасын. Сөйлеген сөзіне разымын. Жаман адам болмайды. Жамандық пен жақсылық бар.

Адам баласы тумысынан жақсылыққа да  жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Жаратушы Ие осы арқылы  адамды тепе-теңдікте ұстап, оны қай жаққа да бейімділікте жаратқан. «Әрбір сәби әу баста мұсылмандық сипатпен дүниеге келеді, кейіннен оны ата-анасы яхуди, христиан немесе мәжуси етеді» деген хадис мұның дәлелі. Демек, әрбір сәби дүниеге алғаш келгенде мұсылмандыққа жақындық танытқанмен, кейін өскен ортасы оны өзіне бейімдетіп кетуі мүмкін.

Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде. Кез келген адам ар-ұжданды құрайтын – ақыл-қайрат, сезім, «раббани латифа» сияқты қасиеттерін жетілдіре білсе кәміл адам болуға талпынып, әлемнің түпкі мазмұнын түсінеді. Таным көкжиегін барынша тереңдете алған адам ғана нәпсісіне, мансапқұмарлыққа, атаққұмарлыққа жеңілмей, үлкен күнәлардан аулақ тұрады. Сондай-ақ ол қызғанышқа барып, амалдарының сауабын зая етпейді және қырсықтықтан арылып, уақытын текке кетіруден сақтанады.

Мұсылман бауырларым!!!  Қазақ аты асқақтай берсін. Бір-бірінді бауырыңдай көріңдер. Раббына сен!!! Жүрегіңді тыңда, жамандықтан аулақ бол. 

0 дауыс
Мінез бен ниет екі бөлек нәрсе...
0 дауыс
Ия жаман адамда жақсы қасиет болады. Жақсы адамдарда да жаман қасиет болады. Негізінде...
0 дауыс
Мінезі жаман адамда әріне жақсы қасиет болады..
0 дауыс
Болмайды. Ойткени онын бойын озимшилдик, коре алмастык, санасыздык, макулыктык жаулап алган. Ондай адам жаксылык жасаган куннин озинде ертенги куни соны санасып отырады.
...