Кез келген адамның мүмкіндіктері бар. Біз Аллаға шүкіршілік етуіміз керек. Алдыңғы ұрпаққа қарағанда біздің жолымыз болды. Тап осылай еркіндікке шомылуға бүгінгідей жайлы жағдай бұрын-соңды ешуақытта болмаған. Әлем қандай шексіз болса, Жаратушының да байлығы сондай шексіз. Ең бастысы – ала біл.
Өзінің бастапқы арманын ұмытпай, барлық қиыншылықтар мен кедергілерден өзінің ісінің түпкі нәтижесін көре алатын адамдар қайтсе де жетістікке жетеді. Өмірді көрген адамдар былай дейді: «Егер де сен өзіңің мүмкіншілігіңе сенімді болсан, онда осыған лайық шешім қабылдап, ойлаған ойыңды іске асырып, алдыңа қойған мақсатыңа қайтсең де жетесің!». Ақылды адамдар жетерлік, бірақ жетістікке жетпеулерінің себебі мыналар: нақтылы мақсаты жоқ, шешім қабылдамайды, істі кейінге қалдыру, тәуекелге бармау.
Нақты шешім қабылдаған, өзіне сенімді адамды ешкімде тоқтата алмайды.