Махаббат... Бұл әлемді өзіне бағындырған ұлы күш. Адамды ақылға сиғысыз әрекетке апаратын құдырет иесі. Махаббатты бастан өткізудің өзі бір бақыт. Алайда ыстығы мен суығы, ащысы мен тұщысы, қуанышы мен қайғысы бір мезгілде ұштасқан махаббаты бағалай алу керек. Махаббат адамды барлығына да үйретеді.
-мейрімділікке
-қайрымдылыққа
-игі істер жасауға
-ғажайыпқа сенуге
-қызғаншақтыққа
-құмарлыққа
-әділдікке
-әдепсіздікке
-сыйластыққа
батыл болуға немесе керсінше жек көрушілікке,қызғаныштан жауыз әрекетке,бітпес дауға әкелуі мүмкін.
Махаббаттың шынайылығы-адам қашан кімге ғашық болатынын біліп болмайды.
Ұлы Ескендір атты қолданушының жауабы. Мына жерде.
Махаббат деген не сезім?
Cуреттеген жан бар ма?
Жетпейді менің бар сөзім
Жеткізуге бір жанға.
Махаббаттың жалыны
Тозақтағы отпен тең.
Жанымды өртеп барады
Соншама саған не істеп ем?
Өзіңе ғашық етіп барасың
Оған мен не істей аламын?
Есі ауған жынды секілді
Артыңнан еріп барамын.
Махаббаттың шырынын
Көп ішпеп ем өмірде
Ғашықтықтың қыр сырын
Көп уақыт кетер білуге.
"Ананың ойы балада, баланың ойы далада" - деген екен. Расында, ананың балаға деген махаббаты шексіз ғой. Ұлыңыз үлкен азамат болып өссін. Әкесі де Отанының жағдайын ойлайтын, жүрегі ҚАЗАҚ деп соғатын, әңгіме ұлтына келгенде ішкен асын жерге қоятын жақсы азамат!!! Әкесінің осы мінезі дарысын Әлімге!
Жазушы І. Есемберлин бұл сұраққа былай жауап берген: «… Ғажайып сезім – махаббат деген! Қара тасты қақ жарып шығып, өзіне жол салған мұз балақтай, махаббат жаныңның белгісіз бір түкпірінде пайда болады да, жолында тұрған сан бөгетке қарамастан бір жүректен екінші жүрекке жол табады. Кенет, көп адамның ішінен саған біреу ұнайды. Бұны кім, қалай түсіндіре алады? Бар болғаны сен оны сүйесің!… Бұл сұраққа адам баласы жаралғалы әлі ешкім жауап беріп көрген жоқ, сондықтан да мұндай сұрақты қоюдың да қажеті аз. Оған жүрек қана жауап бере алар. Сөз, ақыл – ойға берілген, бірақ оның да айтары жоқ… Алайда , ақыл – ой, жүрек, сезім – бәрі біртұтас». Дегенмен, бұл үлкен ғаламда қанша адам болса, махаббат жайлы да сонша пікір бар.