Сулу: Біріншіден менің мамандығым сайт ашуға жақын келеді. Былайша айтқанда спецім осы десек те болады. Екіншіден Қазақ тілді сайттардың қатарын көбейтіп, қажеттілікті қанағаттандыру. Үшіншіден еккен дәнімнің болашақта жемісін көру!
h: Қазіргі уақытта ешқандай кіріс жоқ, сайтта жалаңаштанған, шертсен ашылып кететін жарнама қою ойымда жоқ. Қоймайын да. Мүмкін сайт кейін үлкейіп қанатын жайса, сонда үлкен компаниялармен жұмыс істеп қоятын шығармын. Басқа сайт жасауға сұраныс болса, менің портфелиом болатын шығар.