«Өзін-өзі басқару»
- Балалар мен жасөспірімдердің және үлкендердің жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыттаған, мүшелерінің қызығушылықтарын, құқықтарын қорғайтын,өз бетімен ерікті, қоғамдық бірлестік
Өзін-өзі басқару ұйымының атқаратын жұмыстары:
- Интелектуалды сайыстар өткізу;
- Мереке күндерін өткізу;
- Мектепішілік газет-журналдар шығару;
- Іс-шараларға жауапкершілікпен қатынасу;
Өзін-өзі басқару ұйымының қаулысы:
Жыл ішінде жүргізілетін жұмыс түрлеріне есеп беріп отырады.
Ұйым үнпарағы ай сайын шығарылып, мектепішілік іс-шаралар талданып, баспасөз беттері арқылы таралуы керек.
Мектеп оқушыларының оқу үлгерімін жақсарту, оқу озаттарының санын көбейту сынып әкімдеріне міндеттеліп, оны қатаң қадағалау Білім министріне жүктелсін.
Оқушылардың бой-бас тазалығы,оқу құралдары, сынып тазалығы, мектепке сай киім формасын үнемі бақылауда болуы Тазалық министріне тапсырылсын.
Оқушылардың танымдық деңгейінің терең болуын қадағалап, соған орай мектепішілік іс-шаралар өткізу Мәдениет министріне тапсырылсын.
Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту, спорт үйірмелеріне оқушыларды тарту Спорт министріне тапсырылсын.
Оқушылар арасына келеңсіз жағдайларды болдырмау,сабаққа қатысу-қатыспауын қадағалап, мектепішілік тәртіпті бақылау Тәртіп министріне тапсырылсын.
Біріңғай талап ережелері 5-11 сынып оқушыларының барлығына міндетті деп саналсын және оқушылар ұйымының осы талаптарды қадағалау Ұланбасына жәнеҰланбасы көмекшісіне
Өзін –өзі басқару ұйымының Мақсаты:
Еліміздің мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, Білім мен өнерге құштар, елінің тарихынбілетін, тілін, дінін, әдет ғұрп, салт- санасын қастерлейтін, еңбекқор да, салауатты, адами құндылықтарбойына қалыптасқан, әділетті, қайсар тұлғаны өзін- өзі басқарту арқылы қалыптастыру.
Міндеті: - қазақстан Республикасындағы « Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы мен Үздіксіз білім беру жүйесінің тәрбие тұжарамдамасына» сай жас жеткіншектерді Қазақстандық елжандылыққа тәрбиелеу.
- өзін- өзі басқару ұйымының бағдарламасы негізінде , сапалы білім саналы тәрбиенің жан- жақты артуына оқушы, жастар ұйымының белсенділігі арттыру;
- жастар бірлестігінің бағыттарына байланысты ұйым белсенділерінің құқын, міндетін, жауапкершілігін арттыру.
Өзін –өзі басқару жұмысында табатын құндылықтар:
Адами ар –ожданы, иманжүзді азамат қалыптасу
Отбасындағы жауапкершілік
Отан, туған өлкеге құрмет
Денсаулық, салауатты өмір
Еңбек, экономика
Білім , ғылым, өнер
Мәдени мұра, құқық, тарих, шежіре
Тіл шеберлігі, рухани байлық
Достық, жолдастық, қатынас