Мына бір әңгімеден оқығам,,,,,,
№2. Екінші әңгіме: Мейрамхана есеп шоты
Бір күні түскі астан кейін біздің бір азамат қызметтік кофеханада өзінің кофесін ішіп отырған сәтте, сол түскі асқа қыз әріптесіміз кешігіп келді. Амандасып болғаннан соң, қыз тәрекелкесіне түскі асты сала бастады. Кейін өзінің жігітпен сәтсіз өткен махаббат кездесуін есіне алып, оны бізбен бөліспек болды.
«Енді ешқашан еврейлермен махаббат кездесуіне бармаймын!», – деді.
«Еврейлердің Сирияға Голандық төбелерді бермегенінен басқа қандай кемшілігі бар», деген, біздің азаматтың сұрағына, қыз былай жауап береді: «еврейлер мейрамхананың есеп шотын өтейтін сәтте, чекті мұқият қарап, соманың дұрыстығын тексереді, ал біздің қазақтар ешқашан шотқа қарамай, даяшыға көп ақша береді!», – деп әңгімесін әрі қарай жалғастырды.
Негізінен, көптеген адамдарды мазалайтын, оларға тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермейтін, бастарын қаттыратын «ейрейлік мәселеге» тоқталсақ, бұл жерде бізге әрқашанда Черчилльдің көзқарасы ұнаған:
«Ұлтымыз еврейлер, ағылшындықтардан мықтырақ және табыстырақ деп санамайды, сол себептен Англияда антисемитизм жоқ».
Содан кейін біздің азамат оған келесідей мысал келтірді: «мәселен, - деді ол, бірдей 1000 доллар жалақы алатын екі адам бар делік. Оның бірі, әрқашан махаббат кездесулерінде шотқа мән беріп, үнемдей білетін еврей, ал екіншісі ақшасын оңды солды шашатын қазақ. Бастапқы кезеңде екеуінің де жағдайы тең болады. Алайда, еврей көбірек жинақтап, аз шығындалатындықтан, айналасында оның есебінен мейрамханаға отыратын адамдардың саны аз болып, бұл еврей «тойдан, мейрамнан, ойын-сауықтан аулақ» өмір сүреді. Сыртынан қарасаң, бұл еврей мейлінше «жұпыны, кедей» көрінеді.
Ал қазақ болса, о қазақты оның есебінен мейрамханаға баратын адамдар қоршаған және қазақ тойлап, мейрамдатып, ойын-сауық құрып өмір сүруде. Сыртынан қарасаң, ол анағұрлым «бай» көрінеді және барлығы оны сәтті азамат деп санайды.
Біраз уақыт өткеннен соң еврей жинақтаған ақшасына тігін машинасын сатып алып, тігінші жалдайды. Еврейдің табысы арта береді, алайда ол оны өзіне жұмсамайды. Ақшасын одан әрі жинақтай беріп, өз бизнесін тігін шеберханасына дейін, кейін фабрика, одан әрі бірнеше фабрикалардан тұратын тігін компаниясына дейін дамытады. Содан біздің әлгі қазақ осы еврейге 10 000 доллар жалақы алатын директор болып жалданады да, айналасындағылардың бәріне «еврейлер барлығын сатып алып қойып, қазақтарға мүмкіндік бермей отыр» деген әңгіме таратады». Осынмен келтірген мысал аяқталады.
Мұны мұқияттылықпен тыңдаған қыз әріптесіміз ойланып, біраз уақыттан кейін өмірге деген көзқарасын өзгертті. Ол әркез өзінің әріптестері мен туысқандарына «ұсақ-түйек әшекей» сыйлауды тоқтатты. Кейін жұмыстан шығып, өзінің жеке ательесін ашты. Алайда еврейлермен сол күйі махаббат кездесуіне бармайтын болды, себебі енді біздің қыз еврейлерге жігіт ретінде емес, бәсекелес ретінде қарай бастады. Жанұяны қазақ жігітпен құрды, ал бизнесін дамытып жатыр. Жақында ол тігін патшалығының патшайымына айналатын тәрізді.
Бізге өз проблемамыздың себептерін басқа адамдардын немесе этникалық топтардан іздестіруді тоқтату қажет. Біз өмірімізде болып жатқан нәрселердің бәріне өзіміз жауап береміз. Біз өмізіміздің жеңісіміз бен жеңілісімізді өз қолымызбен жасаймыз.
Ерканат-Атырау
пікір