+2 дауыс
749 көрілді
Мама мені кеше магазинге жіберді, күріш әкел деп. Ойымның бәрі алдағы күнде болатын емтиханда. Магазиннен қайтып үйге жақындағанда мама алдымнан шықты, оны көргесін мені күріш әкелуге жібергені есіме сарт етіп түсті. Магазинге барғанмын, бірақ аралап қайта шығып кеткенмін де күріш алмай. Мамам қияли болып қалдың ба деп ұрсып қояды. Ал інім болса жол бойы күріш-күріш деп айтып бармадың ба деп мазақтаумен болды. Сізде осындай бола ма? Мысалы ойланып кетіппін деп тамаққа тұз салуды ұмытатын жеңгем сияқты.Ой жетегінде кетуден қалай құтылуға болады?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Күнделікті өмірде барлығымыз да бір ойдың жетегінде жүреміз.Ол ой маңызға ие болсын,болмасын ойлана беретініміз бар.Көп ойланып жүрген кезде көп нәрсені елей бермейміз.Сондықтан ол ұмытшақтыққа алып келіп жатады.Ойдың жетегіне еріп кетпеу үшін ойлана бастаған сәтіңізде-ақ өзіңізді қолға алыңыз.Барлық нәрсе өз шешімімен болады.Сол үшін бір жұмыс кезде басқа ойларды ойлаудан сақтана біліңіз.Ол барлық адамның қолынан келеді.Ал енді бос кезде ойлануға кеңес беремін.Ол да жақсы.Алайда өмір керуенінің жолаушысымыз.Барлық іс бар.Оның соңы бар.Егер жеңіліс жайлы ойласаңыз,біліңіз,аяққа тұру үшін де адам құлау керек.Емтихан -  ол жай ғана сынақ.Көп ойлануға болмайтын нәрсе.Жақсылыққа сене отырып,ойлануды бос уақытқа қалдырыңыз.

+1 дауыс

Ондай жағдайлар менде де болған. Ол қалыпты жағдай деп айта аламын.

+1 дауыс

Көркем қыз! Орыстарда "девичья память" деген сөз бар. Ол "тез ұмыту" деген мағына білдіреді. Ондай көп адамда бар. Ой жетегінде кету шығармашылық адамдарда болады.

+1 дауыс
Менде кейде су ішу үшін ас үйге барып тұрып не үшін келгенімді ұмытып кетемін. Сол үшін мен жасайтын шаруаларымды ұмытып кетпеу үшін, стикер қағазда жазып қойям. Оны қалтама немесе күнделігімнің (көрінетін жерге) арасына салып қойям. Сол тізім бойынша шаруамды жасаймын. Маған солай ыңғайлы.
+1 дауыс

Бұл ойыңды өзгерту тек өзіңе байланысты, өткінші нәрсе екенін ойлаңыз....емтихан -  емтихан -  емтихан деген тек өткінші нәрсе,,сіз емтиханды күшті не жаман тапсырғаныңыз шынайы өмірде ешкімді де қызықтырмайды,,

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
8 жауап
...