Мама мені кеше магазинге жіберді, күріш әкел деп. Ойымның бәрі алдағы күнде болатын емтиханда. Магазиннен қайтып үйге жақындағанда мама алдымнан шықты, оны көргесін мені күріш әкелуге жібергені есіме сарт етіп түсті. Магазинге барғанмын, бірақ аралап қайта шығып кеткенмін де күріш алмай. Мамам қияли болып қалдың ба деп ұрсып қояды. Ал інім болса жол бойы күріш-күріш деп айтып бармадың ба деп мазақтаумен болды. Сізде осындай бола ма? Мысалы ойланып кетіппін деп тамаққа тұз салуды ұмытатын жеңгем сияқты.Ой жетегінде кетуден қалай құтылуға болады?