0 дауыс
495 көрілді
Сайт "сұрақ-жауап сайты"болғанан соң сұрақтардың көбірек болғаны жақсы десек те, соңғы кездерде сапасыз сұрақтар көбейіп кеткен жоқ па деген ой мазалайды.Мысалы:
-Есебімді шығарып беріңдерші,шығармамды жазып беріңдерші,реферат тауып беріңдерші"-деген сұрақтар көбейіп кетті.Басқа сайттардан алып  жауап қылып сілтемесін беріп жатырмыз,бұл сайттың беделін түсірмей ма?Қарап тұрсаң ол жауапты оның өзі де таба алады емес пе,онда не үшін сұрақ қылып қояды?Мүмкін содан да болар жауап берушілер азайып,жауапсыз сұрақтар көбейіп барады.Себебі кей сұрақтарға жауап жазуға тұрмайтындай.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Сапасыз, уақ-түйек сұрақтар көбейіп кеткені рас, оны бір жолға келтіру керек. Мүмкін, бір форум типтес бола ма, әйтпесе, сайттың беделі ондай жауап жазуға тұрмайтын сұрақтармен көтерілмейді. Не болмаса, сол форумда көрсетіп қою керек, іздеу функцияларын қалай қолдану керектігін. И-нетке кірген адам қазақша іздеген нәрсесін табатын болуы керек қой.
+4 дауыс
Мүмкін олар таба алмайтын болар, интернетті жақсы білмейтін болар. Көмек сұрап жөн сұрап тұрған адамға білгеніңді қалай айтпайсың. есеп шығару тағы сондайларды есеп шығара алатындар көмектессін, білмесеңіз тиіспеңіз. басқа жауап беруге тұрмайтын сұрақтарды реттеп кетіріп отыру Модератор, редакторлар міндеттері!
Болды онда, міндетіңді жақсы атқар!
құтты болсын модераторлығыңыз ))
Рахмет!(blush)
Құтты болсын  братуха....
Құттықтаймын!
Рахмет,мен үшін бұл шынында жетістік,мен интернетпен жолыққаныма 6-ақ ай болды.Бәрі өздеріңнің арқаларың.(bow)
Шыққан биігінен, шығар биігін көп болсын!
+1 дауыс
Mende kelisim...... Degenmende senynwe kandai suraktar kobirek bolgany duris? Seny kandai tema kobirek kiziktiradi?
+2 дауыс
Ағасы менде жұмыста интернет жоқ болып қалды! :( Сондықтан сайтқа бақылау жүргізе алмай жатырмын! :) Құдай қаласа келесі аптадан бастап интернет болады деп жатыр. Сайтта қалай дұрыс сұрақ қою керек екенін мысал ретінде өзім сұрақ қойып келемін бірақ оған қарайтын ешкім жоқ. Сол Блогты жақында ашып қаламын, онсыз сайтта қолданушылар дұрыс сұрақ қоймайтын түрі бар!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
...