Қосымша жұмыс істемейтін әйелдерге төленетін жәрдем ақы Электронды үкімет порталынан
Бірінші, екінші және үшінші баланың тууына берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдем ақы 30 айлық есептік көрсеткіштерін (АЕК) құрайды, төртінші және одан көп балаға – 50 АЕК. Демек, 30*1512 = 45 360 тг. Егер сізде төртінші және одан да көп бала туылса әлеуметтік төлемі 50*1512 = 75 600 тг.
Аяғы ауырлығы және туу бойынша төленетін төлемді еңбекке жарамсыз парағын бергенше дейінгі есептеу соңғы күнтізбелік 12 ай ішінде алынған табыстың орташа айлығын сәйкесінше коэффициенттерге көбейтіледі: 4,2 – егер еңбекке жарамсыз парағы 126 күнге;
4,7 - егер еңбекке жарамсыз парағы 140 күнге;
5,7 - егер еңбекке жарамсыз парағы 170 күнге;
6,2 - егер еңбекке жарамсыз парағы 184 күнге.
Әлеуметтік төлем мөлшері = орташа айлық табысы (соңғы 12 ай ішінде) * коэфф 4,2.
Мысал: соңғы 12 ай ішінде алынған орташа айлық табысы - 160 000 теңге
Бір жолғы берілетін жәрдем ақы мөлшерінің есебі: бір айда 160000 х 4,2 = 672 000 теңге (оның ішіндегі 10 пайызы – ЗЖҚ-на төленетін міндетті зейнет ақы төлемі). Қолға түсетін – 604 800 теңге.
Балаға күтім бойынша әлеуметтік төлем.
Әлеуметтік төлем мөлшері = орташа айлық табысы (соңғы 24 ай ішінде) * коэфф 0,4.
Мысал: Соңғы 24 ай ішінде алынған орташа айлық табысы – 130 000 теңге
Бір жолғы берілетін жәрдем ақы мөлшерінің есебі: бір айда 130 000 х 0,4 = 52 000 теңге (оның ішінде 10 пайызы – ЗЖҚ-на төленетін міндетті зейнет ақы төлемі). Қолға түсетін – 46 800 теңге (бір жылға дейін ай сайын). Ай сайынғы төлем еңбек ақының минималды көлемінің 10-еселі өлшемінен аспуы қажет
Жаңа туған қыз немесе ұлды (балаларды) асырып алу бойынша төленетін әлеуметтік төлем мөлшері анықтаған кезінде 1,9 коэффициенті қолданылады.