0 дауыс
5.5k көрілді
Әйелі босанғанда күйеуіне декретный алуына бола ма? Ондай заң бар ма? Декретный төлене ме? Кім біледі?
Мысалы менің келіншегім интернатурада оқиды. Жақында босанады бұйыртса. Ол жұмыс істеп жүрген жоқ. Сол себепті ол декретныйға шыға алмайды. Баламен сабағына бара алмайды. Осындай жағдайда маған декретный алуға бола ма?

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде әйел адамдарға баланы тууына, күтіп бағуына байланысты еңбек демалысы қарастырылған және ол уақыт аралығында оның жұмыс орны сақталуы тиіс, ал ер адамдарға ондай демалыс жоқ, маған сен, мен заңгер болып қызмет атқарамын)
Бұл жерде түсініксіз сұрақтар көп екен, сізден заңгер ретінде сұрайын деп отырғаным:
1. Ер адамға бала күтіміне берілетін демалыс мүлдем жоқ па? Мысалға баланы жалғыз тәрбиелеп жатса, немесе анасының тәрбиелеуге қабілеті болмаса (аналық құқығынан айырылған немесе дееспособный болса)
2.Егер декреттік еңбек демалысы баланы тууына ғана берілетін болса асырап алған балаға неге беріледі?
Бұл сауалыңызды қарастырдым, ҚР Еңбек кодексінің *66 - бабына сай жүктiлiгi және босануы бойынша демалыстар, бала асырап алған әйелдерге (еркектерге)
берiлетiн демалыстар қарастырылған екен*
*Егер жаңа туған нәрестелердi тiкелей перзентханадан асырап алса, еркектерге немесе әйелдерге бала асырап алған күннен бастап, сәбидiң дүниеге келген күнiнен елу алты күнге толғанға дейiнгi кезеңге (ата-анасының бiрiне) демалыс берiлiп, оның ұйымда жұмыс iстеу ұзақтығына қарамастан жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен оған осы кезеңге жәрдемақы төленедi.*


Ал 67-бапта аталмыш тұлғаларға, яғни үш жасқа дейiн бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) жалақысы сақталмай берiлетiн қосымша демалыс беріледі.

*Жүктiлiгi мен босануы бойынша демалыстан басқа әйелге оның өтiнiшi бойынша баласы үш жасқа толғанға дейiн оған күтiм жасау жөнiнде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс берiледi. Қосымша демалыс уақыты iшiнде оның жұмыс орны (қызметi) сақталады.
Жаңа туған нәрестелердi тiкелей перзентханадан асырап алған әйелдердiң (еркектердiң) өтiнiшi бойынша сәби үш жасқа толғанға дейiн оған күтiм жасау үшiн жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс берiлiп, осы кезеңде оның жұмыс орны (қызметi) сақталады.
Бұл демалыстың сәби үш жасқа толғанға дейiн кез келген уақытта толық немесе бөлiп пайдаланылуы мүмкiн.*

Жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі жайлы жоғарыда айтылған Кодекстің 86-87 баптарын қара.
Сіздің жағдайыңызда бала асырап алу ата-анасының бірі  әрекетке қабілетсіз болса әсте мүмкін емес. Неке және отбасы туралы 1998 ж. 17 желтоқсандағы № 321-I Қазақстан Республикасының Заңының 80 бабына сай Бала асырап алуға құқығы бар адамдарға сот біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған ерлі-зайыптылар кірмейді, ал егер бала өзіңізден болса, яғни анасы сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылса ғана демалыс ала аласыз
Дұрыс айтасыз, ата-анасының бірі әрекетке қабілетсіз болса бала асырап алу мүмкіндігі жоқ екені түсінікті, өз баласы бар әке туралы сұраған едім, сонда бірінші жауабыңызда айтылғандай "ер адамдарға ондай демалыс жоқ" деген пікіріңізге өзіңіз қарсы шығып отырсыз ғой, демек кей жағдайларда ер адамның да бала күтімінде демалыс алуына болады ғой
Мен бірінші сұрағыңызды әйелі әрекетке қабілетті деп ойлап, қасында жай демалғысы келіп жүрген еркектің дәмесі ма деп ойлағанмын]:) Және бала сабаққа баратын жаста болса ондай балаға күтім жасау ретінде саналмайды ғой
Жауабым қанағаттандырмады ма? Неге ең жақсы жауап емес?(talk)
Әрина қанағаттандырды, ҚР Республикасының заңдарын жақсы біледі екенсіз, заңгер екендігіңізді дәлелдедіңіз, өкінішке орай сұрақ қойып отырған мен емес, жақсы жауап деп белгілей алмаймын.
+2 дауыс
Болады әрине. заңігерлердің кеңесіне жүгініп көр
+1 дауыс
ер адамға "босануға дейінгі пособиясын" төлемейді, тек қана бала босанған сонғана төлейді, сонымен қатар ай сайын баланың 1 жасқа толғанша 10 мыннан астам пособие беріп тұрады.
+1 дауыс
Ондай болмайды ау деймін, отпуск беруі мүмкін,
................................................................................
Отпускта бермейді, тек "болничный лист" аштыруға болады
+1 дауыс
Декрет сөзі жүктілікпен ғана байланысты емес қой.
Қателесесіңғһң дәл солай, тек жүктілікке және бала күтіміне (уақытша еңбек жарамсыздығына) байланысты демалыс
Жер туралы декрет, Әлем туралы декретті орысшалап гуглдеп жіберіп, декрет сөзін википедиядан қарағандай басына назар аударғанда, соңғы жағына дейін мұқият оқып шығып, сілтемесін қазжіверуге не кедергі?)
АА оны білеміз ғой, бұл еңбекті реттеу саласында бір ғана декрет ұғымы бар ғой, келісесің бе?
Сенікі дұрыс. Әңгіме жоқ.

Русстан копипастелеген [тірлігіңдіссс)))қазконтинент][1] дегеннен басқа айтар жоқ


  [1]: http://rabota.mail.ru/news/1378/
Сілтемеңе рахмет, ыржалақтап алдым))(giggle)
Оқып отырып күлем деп орындығымнан құлап түскенімді жасыра алар емеспін.



//Тағы Сатьке
0 дауыс

Декреттік демалысқа баланың әкесі шыға ала ма?

Иә, шыға алады. Әкелер де бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа шыға алады. Алайда, отбасы мүшелері таңдауы тиіс: декреттік демалысқа не анасы, не әкесі шығуы керек.

Бұл туралы ҚР Еңбек Кодексінің 100-бап, 1-тармағынан біле аласыз.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...