Бұл сауалыңызды қарастырдым, ҚР Еңбек кодексінің *66 - бабына сай жүктiлiгi және босануы бойынша демалыстар, бала асырап алған әйелдерге (еркектерге)
берiлетiн демалыстар қарастырылған екен*
*Егер жаңа туған нәрестелердi тiкелей перзентханадан асырап алса, еркектерге немесе әйелдерге бала асырап алған күннен бастап, сәбидiң дүниеге келген күнiнен елу алты күнге толғанға дейiнгi кезеңге (ата-анасының бiрiне) демалыс берiлiп, оның ұйымда жұмыс iстеу ұзақтығына қарамастан жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен оған осы кезеңге жәрдемақы төленедi.*
Ал 67-бапта аталмыш тұлғаларға, яғни үш жасқа дейiн бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) жалақысы сақталмай берiлетiн қосымша демалыс беріледі.
*Жүктiлiгi мен босануы бойынша демалыстан басқа әйелге оның өтiнiшi бойынша баласы үш жасқа толғанға дейiн оған күтiм жасау жөнiнде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс берiледi. Қосымша демалыс уақыты iшiнде оның жұмыс орны (қызметi) сақталады.
Жаңа туған нәрестелердi тiкелей перзентханадан асырап алған әйелдердiң (еркектердiң) өтiнiшi бойынша сәби үш жасқа толғанға дейiн оған күтiм жасау үшiн жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс берiлiп, осы кезеңде оның жұмыс орны (қызметi) сақталады.
Бұл демалыстың сәби үш жасқа толғанға дейiн кез келген уақытта толық немесе бөлiп пайдаланылуы мүмкiн.*
Жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі жайлы жоғарыда айтылған Кодекстің 86-87 баптарын қара.