+2 дауыс
11.7k көрілді

"Өттің дәурен осылайды" оқығандарыңыз болса айтыңыздаршы қандай кітап? не туралы айтылады? 

3 жауап

+2 дауыс
Дінмұхамед атаның бұл кітабы өз өмірі жайлы жазылған. Өтті дәурен осылай деп атап әйелі Зухра ханымға бағыштаған. Шетелге барған сапарлары, Н.Назарбаев, Горбачев жайлы да біршама мәлімметтер бар.
+2 дауыс

Не туралы жазылғанын білгің келсе тауып алып оқығаның жөн. Кітап халқымыздың біртуар азаматы Димаш Ахметовичтің өткен өмір жолдары, халқына сіңірген еңбектері, үлкен тұлғаның қарапайым адами бейнесін жақсы таныстыра білген. Негізі кітапты тікелей Қонаев қарияның қатысыуымен Димекеңнің хатшысы, жанында жүрген серігі, жақсы көретін інісі Серік Әбдірайымов ағамыз жазған. Секең кейіннен Қонаев атындағы қордың төрағасы болып істеген, осыдан 5-6 жыл шамасы бұрын дүние салды. Ол кісімен біршама жақсы араласым болды. Айтпақшы, кітап орыс тілінде де аударылған.

0 дауыс
Жақсы кітап! Қонаев атамыз өзінің өмір мектебі туралы жазған. Кімдермен кездескені, қайда барғаны, ондағы қызықты оқиғалар! Жалпы СССР дің тарихын оқығандай боласың!!! Оқып шық, өкінбейсің!
...