Қазақстанда Қылмыстық кодекске Сталкинг ұғымы енгізілді. Енді адамды аңдып, қорқытатындар қылмыстық жазаға тартылатын болады.
Бұрын сталкингті отбасылық кикілжің, тұрмыстық түсініспеушілік деп қабылдап келдік. Заңнамада «сталкинг» деген тармақ та, түсінік те болмады. Тіпті, құқықтық анықтама берілген жоқ. Соған сай құқықтық жауапкершілігі босаң болғанын жасыра алмаймыз. Сәйкесінше оқиға қай бапқа сай келсе, соған орай іс қозғалатын. Шағымның басым дені Қылмыстық кодекстің «Жеке өмірге қол сұғу», «Қорқыту» секілді баптары бойынша қаралатын еді. Мысалы, сталкингтің киберсталкинг деген түрі бар, яғни виртуалды әлемдегі аңду мен бопса. Жәбірленушіні жеке деректі жариялаймын деп қорқытқан адамға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен айып тағылуы мүмкін-тін. Қылмыстық кодекстің 115 бабындағы жаза: адамды қорқытып, өлімге әкелуі мүмкін әрекет үшін 120 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 30 күнге дейін қамақ жазасы тағайындалады. Ал кодекстің 147-бабында айыпталушы зардап шегушіге 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 3 жыл бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Бары – сол. Демек, әлі де болса сталкингті дербес қылмыс ретінде қарастыратын тарау болмай келді. Ендігі өзгеріс қалай болмақ?
Сталкинг — жеке адамның немесе топтың басқа адамды қадағалап, аңдып жүруі.
https://baribar.kz/206830/stalking-a-dyp-zh-rgen-adamdy-alaj-zhazalajmyz/