Сталкердің қазаша мағынасы не?

+2 дауыс
8.4k қаралым

Сталкер деген сөздің қазаша мағынасы нені білдіреді?Аударып беріңдерші

• Санаты: Жалпы сұрақ | 8.4k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

1. Сталкердің мағынасы - проводник, бағдарлаушы болуы керек. Өзгеше, ерекше  бір нәрселерді іздейтін адам. Қауіпті заттар мен қауіпті аймақтарды білетін адам. Бейтаныс аймақтарда бағытты жақсы біледі.

2. Ағайынды Стругацкилердің "Пикник на обочине" повесінің негізінде түсірілген көркем фильм. 

3. Музыкалық топ.

4. Мәскеуде өткізілетін халықарылық кинофестиваль. 

5. S.T.A.L.K.E.R. - компьютер ойыны.


Жақсы жауап таңдалды
0 дауыс

Қазақстанда Қылмыстық кодекске Сталкинг ұғымы енгізілді. Енді адамды аңдып, қорқытатындар қылмыстық жазаға тартылатын болады.
Бұрын сталкингті отбасылық кикілжің, тұрмыстық түсініспеушілік деп қабылдап келдік. Заңнамада «сталкинг» деген тармақ та, түсінік те болмады. Тіпті, құқықтық анықтама берілген жоқ. Соған сай құқықтық жауапкершілігі босаң болғанын жасыра алмаймыз. Сәйкесінше оқиға қай бапқа сай келсе, соған орай іс қозғалатын. Шағымның басым дені Қылмыстық кодекстің «Жеке өмірге қол сұғу», «Қорқыту» секілді баптары бойынша қаралатын еді. Мысалы, сталкингтің киберсталкинг деген түрі бар, яғни виртуалды әлемдегі аңду мен бопса. Жәбірленушіні жеке деректі жариялаймын деп қорқытқан адамға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен айып тағылуы мүмкін-тін. Қылмыстық кодекстің 115 бабындағы жаза: адамды қорқытып, өлімге әкелуі мүмкін әрекет үшін 120 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 30 күнге дейін қамақ жазасы тағайындалады. Ал кодекстің 147-бабында айыпталушы зардап шегушіге 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 3 жыл бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Бары – сол. Демек, әлі де болса сталкингті дербес қылмыс ретінде қарастыратын тарау болмай келді. Ендігі өзгеріс қалай болмақ?

Сталкинг — жеке адамның немесе топтың басқа адамды қадағалап, аңдып жүруі.

https://baribar.kz/206830/stalking-a-dyp-zh-rgen-adamdy-alaj-zhazalajmyz/

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,938 қолданушы