2010 жылы Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті. Қазақстандық төрағалықтың ұраны төрт «Т» - «траст» (сенім), «традишин» (дәстүр), «транспаренси» (транспаренттік) және «толеранс» (төзімділік) болады.
Біріншісі бірі-бірімізге деген бізге аса қажетті сенімді білдіреді.
Екіншісі ЕҚЫҰ -ның негізгі қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады.
Үшіншісі - халықаралық қарым-қатынастарда барынша ашықтық пен транспаренттік.
Төртіншісі - әлемдегі мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогті нығайту.
2010 жылы 1-2 желтоқсанда -Астанада Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікте кең ауқымды, бөлінбейтін және кооператтивті қауіпсіздік құрудың көкейкесті мәселелерін талқылау үшін Ұйымға қатысушы елдер Мемлекет және үкімет басшыларының Саммиті өтті. Тіпті, өткен ғасырдың өзінде КСРО-да Мәскеу қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Еуропа мемлекеттерінің жиынын өткізу мерейіне ие болған жоқ. Сондықтан бұл ірі халықаралық ұйымның Саммитінің Астанада өтуі - мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де биылғы жылдың басты оқиғасы.
2010 жылдың 31 желтоқсанда және 2011 жылдың 7 қаңтар аралығында VII Қысқы Азия Ойындары Астана -Алматы қалаларында өтті. 2011 Азиада Қазақстан үшін салтанатты түрде мәресіне жетті. Азиадада тұңғыш рет 11 спорт түрі бойынша69 мадақтау жиынтығы таразыға салынды. Оған Азианың 27 мемлекетінен 1000-нан астам спортшы қатысты, олардың арасында атақты спортшылар, Олимпиада және әлем чемпионатының жеңімпаздары бар. Азиада ойындары барысында 10 континенталдық рекордтар анықталды.
Қазақстандық құрама команда 70 медаль, оның ішінде 32-алтын, 21-күміс, 17-қола медальдарды иелене отырып, қысқы Азиада ойындары тарихында жаңа рекорд орнатты.
Азиада-2011 ресми сайтының ақпараты бойынша бұрынғы рекорд - 29 алтын белгі Жапония құрама командасына тиесілі болған. Ол 1986 жылы Саппаро қаласында өткен Алғашқы қысқы Азиада ойындарында алынған болатын. Ойындағы басты рекорд - Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты мықты қарсыластармен болған күресте қазақстандықтармен алынған 32 алтын медаль.
Елбасының тапсырысы бойынша Азиаданың басталу кезеңінде халықаралық кластағы 10 спорт алаңдары күрделі жөндеуден өтті, оның ішінде кейбірі әлемдік талапқа келмейді.
Үкімет индустриялдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасықабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде үстіміздегі жылы ғана 140-тан астам жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылады.
2010 жылы Қазақ халқының біртуар ұлы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жауынгер жазушы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толады. Осы орайда қаңтардың 9-ы күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Аманкелді Момышев Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевқа депутаттық сауал жолдады.
Депутат сауалында дүние жүзіне белгілі тұлға, аты аңызға айналған батыр, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту қажеттігін алға тартты.
Абай.kz сайты.