0 дауыс
296 көрілді

Мәскеу қаласынан Атырау облысына почта арқылы жазылған хат жолда қанша күн жүреді?

1 жауап

0 дауыс

Елімізде почта саласы күн өткен сайын дамып келеді. Тұтынушыларға заман талабына сай қызмет көрсету үшін қолдан келгеннің бәрі жасалуда.

Алайда, көпшілігі сәлемдемені Қазпочта арқылы қалай жіберуді білмей жатады. Сәлемдеме жіберу үшін нені білу керек?

Постаматтарды қолдану

Постаматтар – почта қызметкерінің қатысуынсыз хат немесе сәлемдемені жіберетін автоматтандырылған терминал (14 кг. артық емес). Постаматтар сауда орталықтарында орналасады. Демалыссыз жұмыс істегендіктен тұтынушылар үшін қол жетімді.

Бүкіл Қазақстан бойынша облыстық және аудандық орталықтарда орналасқан «Қазпочта» АҚ 109 постаматтары бар. Постаматтардың дәл мекенжайларын арнайы сайт арқылы білуге болады.

Сәлемдемені алу үшін постамат экранына мобильді телефон нөміріңіз бен арнайы жіберілген кодты жазу керек. Постаматқа жөнелтімді қайта жіберу немесе оны постаматта сақтауды ұзартуды почта және қаржы қызметтер www.post.kz порталы арқылы жасауға да болады.

Постамат арқылы сәлемдемені жіберу үшін:

  1. Постамат экранынан «Сәлемдемені жіберу» операциясын таңдау;
  2. Пайдаланушы келісімімен танысу;
  3. Сәлемдеме габариттерін негізге ала отырып ұяшық мөлшерін таңдау (S – 5 кг-ға дейін, M –10 кг-ға дейін, L –  14 кг-ға дейін.)
  4. «Жіберу тәсілі» (әуе– немесе жер көлігі) және «жөнелту санатын» (әдеттегі, бағалы, шарт бойынша төлемі бар бағалы) көрсету
  5. Сәлемдемені жіберу қажет постаматты таңдап, орналасу орнын және индексін көрсету;
  6. Жіберушінің деректерін көрсету (жеке/заңды тұлға резиденттік мәртебесі жіберушінің ЖСН/БСН, ТАӘ/Ұйымның атауы және мекенжайы), мобильді телефон нөмірін енгізу;
  7. Төлем тәсілін таңдау: банк картасы немесе қолма-қол есеп айырысу арқылы;
  8. Төлемнің екінші тәсілін таңдау кезінде постаматтың ақша қабылдағышына қолма-қол ақшаны енгізу;
  9. Ақшаны енгізгеннен кейін постамат таңба басып шығарады, оны жөнелтімге жапсырып, штрихтық почта идентификаторымен  постаматтағы штрих-сканер көмегімен сканерлеу қажет;
  10. Осыдан кейін постаматта сәлемдемені салуы тиіс ұяшық ашылады.

Сәлемдеме қанша уақыт сақталады?

Кез келген сәлемдеме (хат, жөнелтім немесе бандероль)  почта бөлімшесінде 30 күн сақталады. Олардың алғашқы 14 күні тегін негізде болса, келесі 14-16 күн сақтау үшін әр күнге 300 теңге төлем қосылады. 30 күн өткеннен кейін сәлемдеме жіберген иесіне кері қайтарылады.

Сәлемдеме постаматта 3 күнтізбелік күн сақталады. Алғашқы үш күн өткеннен кейін клиент әр күн үшін 300 теңге төлеп, қосымша 3 күнтізбелік күнге ұзарта алады. 6 күн өткеннен кейін жөнелтім постаматтан почта бөлімшесіне сақтауға жіберіледі.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...