+1 дауыс
3.4k көрілді

Опера мини туралы реферат керек қазақша?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) — компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.

Ең жаңа және көпшілікке кең тараған Интернет қызметін алады. WWW гипермәтін принципіне негізделеді және мультимедиа ресурстарын (бейне, аудиографика т.б.) мүмкіндігінше пайдалана отырып, ақпарат беруге қабілетті. SLIP, РРР немесе интернетпен тікелей қосылуды, сондай-ақ арнайы бағдарлама Интернет навигаторларымен (Mosaic немесе Netsape типті) қамтамасыз етуді талап етеді. Интернетке берілген орны жоқ, бірақ Интернетке тікелей қосылған пайдаланушылар мәтіндік Lynx навигаторымен жұмыс істей алады. WWW ақпараттық ізденістерді гипермәтін мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе. Бұл жүйеде әрбір құжат, ақпараттық кеңістікте өз ізденісін шексізге дейін тереңдете және кеңейте алуының арқасында өзге құжаттармен көптеген байланысы (айқас сілтеме жүйесі секілді) бар. Жүйе әсіресе үнемі жаңартылатын файлмен және сақталу орнына қарамастан құжаттар арасында байланыс жасау үшін жұмыс істеуге ыңғайлы.

Opera (О́пера) — Opera Software ASA компаниясы шығаратын Интернетте жұмыс істеуге арналған веб-браузер және бағдарламалық пакет. Норвег компаниясы Telenor-мен 1994 жылы жасап шығарылған.

Опера мини- — интернеттегі не басқа кез-келген желілердегі http/https веб сайттарын, яғни веб парақтарын (html, php және т.б.) қарап шығу, өңдеу және араларымен өту әрекеттерін орындауға арналған бағдарлама.

Шолғыштардың бұл түрі электрондық поштамен, ftp протоколымен, жаңалықтар тобымен жұмыс істеуге, сондай-ақ веб-парақтағы дыбыстық және бейне файлдарды сияқты мультимедиа құрамасын ойнатуына мүмкіндік береді.

Opera Mobile, Opera Software жайлы орысша мәліметтер.

Тапқаным осы...

...