+4 дауыс
3.2k көрілді
Индияның тұрғындарын үндістер дейме , әлде үнділер дей ме? Қандай айырмашылығы бар бір-бірінен ? Оларды қалай ажыратады?

5 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Олай айту негізі Колумбтың қателігі. Мынандай қызық болған ғой, Америка ашылмай тұрғанда Колумб ойлаған ғой, Үндістанға жерді айналып барам деп, сөйтіп Америка құрлығына тап болған. содан е бұл үндістан екен деп, онда тұратын халықтардың барлығын үндістер деп атап кеткен ғой, солай атау қалыптасып қалған

Содан шатаспас үшін американың байырғы тұрғындарын үндістер деп, ал индияның тұрғындарын үнділер деп атауға келісілген

+3 дауыс

Үндістер деп Америкадағы апачилерді айтпайма

Қателеспеңіз, апачилер тек қана бір ғана тайпа, үндістер деп байырғы тұрғындардың (аборигендердің) барлығын да айтады, олар негізінен жүздеген халық
+3 дауыс
Үнділер(индусы) - Үндістан (Индия)тұрғындары ал үндістер(индейцы) -бұрынғы Америка тұрғындары!
+2 дауыс

Үнділер-Үндістан мемлекетінің тұрғындары. Яғни мына кісілер:

Үнділер жайлы қызық мәліметтер мында, үнділер жайлы зерттеу мұнда, үндіс қыздарының маңдайындағы белгі жайлы мәлімет осында.

Үндістер-екі Америка құрлығындағы байырғы халықтардың жалпы атауы.

 

Үндістер қасіреті жайлы өлең мұнда, үндіс халқы жайлы құжаттар мында, Амазония үндістері осында.

+2 дауыс

Үндістер екі Америка құрлығындағы байырғы халықтардың жалпы атауы. Американы ең алғаш ашқан Колумб емес осы үндістер. Бұл атау 15 ғасырда испан теңіз жиїанкездерінің Үнді жерін таптық деген жаңсақ пікірлерінен жергілікті халыққа еуропалықтар тарапынан сырттай таңылған. Жалпы саны 38 млн. адам (2002). Антропол. жағынан Үндістер үлкен моңғол пішіндес расаның америкалық тобына жатады.

Ал үнділер - Үндістан мемлекетінің тұрғындары.

 

 

...