Мен түсінбеймін, неге адамдар барлығы туралы негатив сөйлейді? Талап етіңіз қазақша және тәртібіңіз, келтірген аргументтеріңіз толық сауатты болса ол да өз ықпалын тигізеді.
Мемлекеттік тілдің дамуы бізден басталмай ма, сондықтан әркім өз әрекеті үшін ұялмай жауап бере алатын болса деген ой бар.
КСРО 30.12.1922-26.12.1991 ж аралығында өмір сүрген. Бас аяғы 70 жылға жетер-жетпес қана жыл. Бұл үкімет құрылардан бұрын Алашорда автономиясы құрылған. Тамаша алтын адамдар, сауатты азаматтар еңбек еткен.
Қазақ елінің азат мемлекет болып жарияланғанына, биыл 22 жыл (Кеңес үкіметінің орнаған уақытының 1/3 бөлігі, аз уақыт болмады). Егер әлі де тіл туралы жылаудан аса алмай жүргендер болса, ұят дегеннен басқа айтар жоқ. Мәселе негізі тілде емес, мәселе әркімнің ішкі түйсігінде. Талқылап, сынап-мінегенге шебер-ақ. Бірақ өзі сынап отырған дүниелердің орнын толтыру жолында қарапайым бір әрекет етіп, нәтиже шығарып жатқандары сирек. Кей адамдарды байқадым, қарапайым конституциялық заңдардың негізгі баптарын, азаматтық кодекстердің негізгі қарапайым заңдарын білмей, жеке бастық құндылықтарын қорғап, талап ете алмай, өз білмегенінің салдарынан, мемлекетті, қоғамды кінәлі еткісі келеді. Бұл әрине жақсы емес.