0 дауыс
"Екi елi ауызға бес елi қакпақ" деген қазақ мәтелiн қалай тусiнесiз?Өз пiкiрiнiз?
01.10.2011 5.5k қаралым

5 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Қай кезде болса да халқымыз аз сөйлеп,көп тыңдағанды жөн көрген ғой. "Айтылған сөз, атылған оқ","Сөз тас жарады,болмаса бас жарады","Бір ауыз сөз,бір тайпа елді бүлдіреді"-деген нақылдарды айтқан халқымыз,ұрпағым сақ болсын,байқамай сөйлеп өзбасын,болмаса өзгені қолайсыз жағдайға қалдырмасын деген шығар.
01.10.2011
+2 дауыс
көп сөйлеп біреудің сырын ашып қоятын жандарға айтылған сөз ғой
01.10.2011
+3 дауыс
Он күнәнің тоғызы тілден екен.
"Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі" дейді ғой. Жөнсіз, мағынасыз сөйлейтін адамдарға арналған мәтел болар деп ойлаймын
02.10.2011
–1 дауыс
әр сөзге жауап беретіндей сөйлесең, бес елі қақпақ деген сол шығар
09.10.2011
+1 дауыс
Кішкентай ауыздан, үлкен сөз шығады дегенге, кішкентай ауызға үлкен қақпақ керек дегені болар. Онысы жөн екен дегеннен басқа айтар жоқ.
09.10.2011

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы