Сәлеметсіз бе! Сізді кінәләп, сізге айып тағуға менің құқығым жоқ. Пенде болғасын әрбір адамнын басынан өтуі мүмкін жағдай. Әрине сіздің бұл ісіңізді мақтауға болмайды, бірақ мойындағаныңызды ерлік деп санауға болады. Менің сізге айтарым, тағы да ол менің жеке ойым, жеке пікірім, алыстаңыз, түгел отбасынан алыстаңыз, араласпаңыз, ұзынды-қысқасы ұмыт алсаңыз, ұмытыңыз. Ең дұрыс шешім сол болады. Өмірдің мәні бар, мәнсіз өмір болмайды. Алдына мақсат қойған, соған жетем деген адамның қолынан бәрі келеді. Адамға бір нәрсемен, бір затпен айналасу керек. Өзіңізге көңіл бөліңіз, өзіңізді танып, өзіңізді дұрыс жолға қоюға тырысыңыз. Аллахымыз аса мейірімді, кешірімді әрбір құлын жақсы көреді. Адам шын ниетпен кешірім сұрап, істеген ісіне шын ниетпен өкінетін болса, және қайталамайтын болса, кешіруі мүмкін. Сізге қойылған сынақ ретінде есептеңіз, нәпсіңізді тыйыңыз, діни сауатыңызды ашыңыз, көп нәрсеге көзіңіз ашылады. ӨЗ өміріңізді көпшілікке талқыға сала бермеңіз, қиын болса нағыз досыңызға немесе өзіңіз танымайтын жақсы психологқа жолығыңыз. Сезім уақытша нәрсе, бәрі нәпсі, шайтанның арбауымен өзіңізді жегідей жеп, қазаққа қызына, қазақтың ділінде (менталитет) жоқ нәрсені істеп жүрмеңіз. Осы кезде ел, жұрт, ата-ана, жора-жолдастың көзінше қара күйік боласыз. Сізге айтарым осы. Қалғанын өзіңіз шешесіз. Бірақ мына нәрсені ұмытпаңыз: Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай Құнанбаев