0 дауыс
маған Ербол Сыпатаев жайлы толық мәлімет керек еді...
04.12.2013 12.4k қаралым

2 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы (10.03.1964 ж. Алматы облысы Панфилов ауданының еңбекші ауылы -  23.12.1986 ж. Алматы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981-1982 жылдары кеңшарда жүргізуші болып істеді. 1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 1985 жылы Алматыдағы энергетика институтына оқуға түсті. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болды. Мәйітін ауылына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде, Желтоқсан көтерілісіне байланысты жарық көрген жинақтар мен кітаптарда жазылды

 

04.12.2013
рахмееет сізге
оқасы жоқ
0 дауыс
Ербол Сыпатаев Талдыкорган облысы Панфилов ауданынын Ленин атындагы совхозынын 2 ши болимшесинде туып ости ербол бит уйдин жалгыз баласы еди. Ол энергетика институтынын 2 ш. курс студентки болатын. Алтын баулы лашын Биыкке жазбай кулашын Каракуска жем болды-ай Алтын баулы лашын Момыным-ау,жуасым Ербол,Ербол атынды ер болсын дер койдым ба? Кыршынынан киылып.
13.12.2015
Алматы облысы             .
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,993Қолданушы