+2 дауыс
594 көрілді
Қазақтың руғы бөлінгені дұрыспа? Неге? Бұрыспа? неге?

15 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Аллаһтың Өзі адам атаулыны ұлт-ұлтқа, ру-руға бөлгендігі жөнінде Құранда айтқан. Қанша қаламасақ та, ру бар болып қала береді. Бірақ руға бөлініп қырқысып жатуға да болмайды.

+3 дауыс
Негізі руыңды білген жақсы,рушылдыққа бөлінген жаман.
+3 дауыс
Елін,7 атасын білген дұрыс. бірақ бөлінудің қажеті жоқ,бір ҚАЗАҚПЫЗ)))
+3 дауыс
Руға бөлінгеніміздің арқасында ғой қанымыз таза.
+3 дауыс
Мен ҚАЗАҚпын мың өліп мың тірілген.
+5 дауыс
Бөлінгенді бөрі жейді. Жеті атаны білген дұрыс. Руға бөлінсек, өзі аз қазақ орыс пен қытайдың жемі боламыз.
Өте орынды жауап. Айдахар мен аю жерімізді таптайын деп тұр руға бөлінсек.
+3 дауыс

Өзім танысқан адамдармен ру сұрасам, кейде группаластармен отырғанда руға бөлініп жиі жиі ұрысып жатады. Бірақ "Жеті атасын білмеген жетесіз "деген сөз бар атам қазақта.Жеті атасын білген жөн,алайда ру-руға бөлінгеннің қажеті жоқ.Түбі бір ҚАЗАҚ емеспіз ба?!

0 дауыс
менін руым қыпшақ..................,....
+2 дауыс
Руға бөлінгені дұрыс. Әр қазақтың баласы, өз руының текті, мықты әрі сапалы болуына, оның атына кір келмеуі үшін тер төгуі керек. Сол арқылы жалпы қазақтың атын шығару керек. Ал, қазақтың ішінде, осындай рудың баласы осындай еді деген үлгі аларлық азаматтары болса, жақсы. Бірақ, ру мен ру қырқысу мәнсіз әрі ақымақтық. Оның себебіне де мән беру керек, мүмкін ол күнделікті өмірде болып жатқан себептер болар, ондайда ру мен рудың қырқысы деп талайлардың басын айналдырып қажеті жоқ.

Жалпы, әр қазақ - әр қазақтың жалғызы, асылы.
0 дауыс
Атам қазақ руға бөлген кетпес үшін байланып қанымыз бен тәніміз ,автор Жакау
лайланып деш құрысын бір, әйтеуір уағызын айтпасаң болғаны Жақаудың.
0 дауыс
Руға бөлінудің себебі мынада. Атам қазақтың осындай қаны таза болу үшін руға бөлінгеніне таң қалам. Тіпті ғалымдардың әлемдегі қаны таза халық қазақ екендеріне де. Дұрыс осы. Бұрысы мынада руға бөлініп, қырқысып жатқанда осы желтоқсанды ұмытпай, бағымыз жанып тәуелсіздік алғанымызға шүкіршілік етейік. Нигативті тастайық, мынаның руы мынадай, ананың руы анандай деп. Керек емес ондай боққа да тұрмайтын проблемалар. Жалпы сондай әрекетті надандар, сана-сезімі төмен малдардың әрекетін жасайтынына жыным келеді. Руымыз басқа болса да, ұлтымыз - қазақ.
0 дауыс
Ияяяяяяяяяяяяяяяяяяя
0 дауыс
Ру-дегеніміз біздің қазақ халқының ішкі дипломатиясы емес пе,қалай оны керек емес деуге болады?
+1 дауыс
Қазақ халқының руға бөлінуі біздің көшпелі қоғам дәуірінде табиғи түрде пайда болды. Себебі көшіп-қонып жүретін адамдар топтасып өмір сүруі қажет болды. Бірақ оның қазақ халқы үшін зияны мен зардабы орасан зор болды. Жер бетінен жойылып кетудің аз-ақ алдын да қалдық. Бүгінде біз отырықшы халықпыз. Сондықтан рулық-тайпалық жүйенің ортағасырлық құбылыс екенін, бүгінгі күні оның қараңғылық болып табылатынын санамызмен түсінуіміз керек. Ал экзогамиялық табуға, яғни қан тазалығын сақтау мәселесіне келер болсақ ол үшін жеті ата дәстүрін сақтау жеткілікті.  Бұны медицина ғылымы дәлелдеп отыр.  
         Жапон неміс ағылшын француз сияқты мықты ұлттарды алып қарайықшы. Бұларда руға бөліну жоқ, бірақ ғылым білім жағынан әлемдегі ең күшті ұлттар. Осылардан үлгі алғымыз келсе, солайрдай мығым мемлекет пен ұлтқа айналамыз десек руды жүзді жояық!!!
0 дауыс
Өз басым мынадай ру мен анадай рудың адамдары кыркысыпты дегенді естімеппін. Кей біреулер айтады рушылдықтың пайдасы жаңа қызметке тез орналасу немесе басқада мәселелерді тез шешуге болады деп. Бірақ бұның не қажеті бар?!. Барлағымыз бір қазақпызғой. Рушылдықтың дерті осындайда білінеді.
...