0 дауыс
912 көрілді
Қазақтелеком сияқты үлкен провайдердің серверлер қоймасына қойылатын, сайттар орналастыруға арналған серверді қалай атауға болады... сервер дегенде кеңейтілген мүмкіндігі бар қарапайым ДК сияқты серверді көрсетеді...
Сұрақтың жабылу себебі: жақсы жауабы бар

1 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Веб-сервер деп аталады. Ол серверлерде көбіне Linux-тің RedHAD Операциялық Жүйесі тұрады.
Серверлер.
Сервер желісіндегі сервер дегеніміз – осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғарғы көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверге жергілік операциялық жүйе басқара алады.
Серверлік желілерге компьютердің функциялары алдын – ала айқындалған оның кейбіреулері сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлер атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар. Олар желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервер, пошталық сервер және т.б.
Желімен жұмыс кезінде компьютер екі рольді атқара алады:
-  Егер компьютер ақпараттар мен сервистерді желідегі басқа компьютерлерден алатын болса, онда мұндай компьютерлерді жұмыс станциясы деп атайды.
-   Егер компьютер өзінің ақпараттары мен сервистерін желідегі басқа компьютер-лерге берсе, онда ол компьютер сервер деп аталады.
Сервер түрлі сервистарды ұсынады, соның ішінде ең көп тарағандары төмендегілер:
-  Файлдарды сақтау және беру (файлдық сервер);
-  Принтерге жіберу (баспаға шығару сервері);
-  Факстік хаттарды алу және жіберу (факс-сервер);
-  Электрондық пошта хаттарын алу, сақтау және тасымалдау (пошталық сервер);
-  Сайттарды орналастыру (Web-сервер).
Сервер ұсынған сервистер қызмет (служба) деп аталады. Бір серверде бірнеше қызмет атқарыла алады.
Серверден қажетті сервисті алу үшін серверлік операциялық жүйе құрамындағы қатысты бағдарламаны іске қосу қажет.
Сервер қызметтерімен жұмыс жасау үшін жұмыс станцияларынан клиент деп аталатын бағдарламаны іске қосу керек.
Клиенттік компьютерлерді және қызметтерді ұсынатын серверлері бар жергілікті желілер «клиент-сервер» технологиясы бойынша құрастырылған желілер деп аталады. Егер компьютерлер бірдей құқылы болса, онда бұл функцияның осы желінің барлық компьютерлерімен бірігу мүмкіндігі бар. Бірдей құқылы дербес компьютерден тұратын жергілікті желі бір рангті желі деп аталады.


Болмаса мына файлды жүктеп аларсың. http://files.gw.kz/4c1z5zdx8f.html
...