+2 дауыс
Мен жігітімді қатты жақсы көремін, оны қатты қызғанамын. Ол да мені жақсы көреді. Бірақ ол менің қатты қызғанатынымды біледі де, қызғанта береді.Қызғанғанымды қалай қоюға болады және қалай сездіртпеуге болады?
02.12.2013 2.5k қаралым

1 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Қызғаныш сезімі - ең көзге көрініп тұратын сезім. Оны байқамау мүмкін емес. Қызғанғаныңызды оған білдірмеу - мүмкін емес сияқты. Оны қызғанғаныңызды одан бұрын айналаңыздағы адамдар бірден байқайды. Қаншалықты қызқанудан арыламын десеңіз де, ол сезім ішіңізге сыймай, белгілі бір фактор ретінде сыртқа шығады. Оған түсіндіріп айтқаныңыз жөн: өзіңіздің қандай сезімде болатыныңыз оны ойға салуы керек. Қызғанышыңызды жасырып қалу мүмкін емес. Ол - барлық адамдарда сондай.

Қызғанғаныңызды қою мүмкін емес. Себебі: сіз оны өміріңіздің бөлшегі ретінде қабылдап қойғансыз.

Қызғанғаныңызды сездіртпеу: көп жағдайда ғашықтар осы туралы ойланады. Оның қызғантарлық жағдайдағы оқиғаларын көргенде, сіз де  оған қарсы болғандай, ештеңе білдірмей жүре беріңіз. Сізді түсінсе, күндердің күнінде ондай қылықтарын тоқтатады. 

02.12.2013
өте тамаша жауап көп көп рахмет!
Сізге де рахмет
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы