0 дауыс
43.9k көрілді
Өнер, білім туралы өлең керек?

4 жауап

+1 дауыс
www.adebiet.kz сайтынан алфавит бойынша іздеп көр.
+1 дауыс
ӨНЕР-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзінді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді,
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай.
Білгендерге осылар
Бәрі дағы анықтай,
Білмегенге танықтай.
Біз де бекер жатпалық
Осыларға таныспай.
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Желкілдеп шыққан көк шөптей,
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау, алысқа-ай!
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
,,Өнер — жігіт көркі" деп,
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды!
0 дауыс
Ақыл-ой, ғылым-білім Ақыл – тозбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен. Білім – арзан, білу - қымбат. Оқу – білім азығы, Білім – өмір шырағы. Оқу – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы. Шәкіртсіз ұстаз – тұл. Алтын алма, білім ал. Ғылым – теңіз, білім – қайық. Кітап – алтын қазына. Өмір – үлкен мектеп. Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет. Тура тілді тия алмадым, Туғаныма сия алмадым. Білгеніңді сөйлеме, Не сөйлегеніңді біл. "Кіш" деп айтуға тілі жоқтың көзін қарға шоқыр. Тәттіден де тәтті тіл, Ащыдан да ащы тіл. Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл. Кісінің кісілігі, Киімінде емес, білімінде. Ақыл — дос, ашу — дұшпан. Дана, Дананы да туған ана. Кең ойлаған, Кем ойламас. Ғылым — теңіз, білім — қайық. Көп ойласаң — дана боласың, Көп ойнасаң — бала боласың. Ой ойласаң, кең ойла, Алды, артын тең ойла. Көп жасаған білмейді, Көп көрген біледі. Ақымақ басқа, Адырайған көз бітер. Апандай ауызға, Саудыраған сөз бітер. Айла алтау, Ақыл жетеу. Айла мен ақыл қосылса Алдырмайтын екеу. Ашу асып жүрген жерде, Ақыл қашып жүреді. Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер. Тұрмыс түзер ойыңды, Ойың түзер бойыңды. Ағайынға менменсу — Ағат емей немене!? Ақылдылар айтқан сөз — Сағат емей немене?! Алыстағыны — ақыл болжар, Жақындағыны — пақыр болжар. Алтын алма, ақыл ал. Итке төсек не керек, Естіге өсек не керек. Ескерген — ескісін сақтайды, Ел болған естісін мақтайды. Ашу — шабыстырады, Ақыл — табыстырады. Шам жарығы түбіне түспейді. Әдемілік —ақылдынысынды қылады, Ақылсызды жынды қылады. Ақылды адам ашықса, Ақылымен тоғаяр. Ақылсыз адам ашықса, Аз ақылы жоғалар.
0 дауыс
Жүсіпбек Аймауытов

Оқу, білім - жанған шырақ, ойласаң.

Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
...