0 дауыс
826 көрілді
Негізгі мақсаты мен бұл Өнер-білім бар жұрттар деген тақырыпты оқымағам соған қатыстырып өте керемет қылып Ыбырай Алтынсарин ға хат жазу керек
Интернеттен оқып, хат жаза салсаңыз қайтеді. Біреудің білімі сізге білім болады ма?

1 жауап

0 дауыс

Халқымыздың ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған зиялылар көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы, қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күресіп, ел игілігі үшін жан аямай еңбек етудің үлгісін көрсеткен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында шолпан жұлдыздай жарқырап әлем көгіне шыққан, ұлт тарихында аты мәңгі өшпейтін кемел тұлға-Ыбырай Алтынсарин қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алған педагог, демократ.

Жас зерттеуші Нұрбекова Диана Мейрамғалиқызының «Ыбырай Алтынсарин шығармалары-тәрбиенің алтын діңгегі» атты ізденіс жұмысын оқи отырып,зерттеу барысында тақырыптың орынды таңдалғандығы және зерттеу мақсаты мен міндеттерінің нақтылығы көрінеді. Ы.Алтынсаринның шығармаларын зерттеу арқылы өз жұмысында шығармалардың жеке тұлғаны қалыптастыруда қаншалықты маңызды екендігі атап көрсетілген. Бала жанының зергері Ы.Алтынсарин әңгімелерінің бәрі де бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұнды,тартымды, олардың жан дүниесіне әсер етерліктей етіп берілгендігін атап көрсеткен. Осы әңгімелерді мұғалімдер мен ата-аналар балаларды ұқыптылық пен сабырлылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу мақсатында оқу үрдісінде, сынып сағаттарында, таңдаулы сабақтарда пайдалануға болады. Ыбырай салған сара жол – бұл күндері қанатын кеңге жайған, тамырын тереңге жіберген, экономикасы мен мәдениеті дамыған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім шаңырақтарында жалғасын кеңінен табуда. Міне осы мақсатта осы зерттеу жұмысын педагогикалық институт, колледж студенттері қолдануға да болады. Ы.Алтынсаринның шығармаларының, соның ішінде әңгімелерінің және өлеңдерінде айтылған мәселелердің әлі күнде өзекті екендігін тереңірек зерттеуге бағыт беріп, жас зертеушінің жұмысына «өте жақсы» деп бағалауға болады. 

Төмен дауыс!
...