+1 дауыс
12.6k көрілді
Менде күнде осылай болады. Кішкентайымнан осы ауру дейін бе немесе әдет дейін бе артымнан қалар емес. Мендегі үлкен проблемалардың бірі болып кетті. Қалай қойдыруға болады? Бұл сұрақты екінші рет қойып отырмын. Өшірмеңіздерші. Маған шалқайып жат, скотч жапсырып ал, менің інім , қарындасым немесе басқасы осындай деген жауаптар керек емес. Күлкі қылмай жауап берулеріңізді сұраймын. Бұл ауруға жата ма? Нақты жауап керек.
Менин маселем де осы

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ол ауру ма, әлде әдет пе білмеймін. Мүмкін сен қатты шаршап ұйықтайтын шығарсың...

 

Негізі ұйықтап жатқанда ауыздан сілекей ағудың бірнеше себептері бар:

  1. Біріншіден, ұйықтап жатқанда мұрынмен емес, ауызбен демалғаннан болуы мүмкін.
  2. Екіншіден, тіс, қызыл иек ауруынан болуы мүмкін. ауыз қуысына инфекция түскендіктен солар сілекейіді әдеттегіден көп бөледі.
  3. Үшіншіден, жәй ғана сіздің ауызыңыздың, жағыңыздың құрылысының ерекшелігіне қатысты болуы мүмкін.
  4. Төртіншіден, ас қорыту жүйесі бұзылып, асқазан шамадан тыс сөл бөлуінен де болуы мүмкін.
  5. Бесіншіден, орталық невр жүйесінің бұзылуынан болуы мүмкін.

Ұйықтап жатқанда сілекей ағудан құтылу үшін:

  • -  егер мұрынмен емес шыныменде ауызбен демалудың салдарынан болатындығын байқасаң лорға не оториноларингологқа қарал. Өйткені ол мұрынға байланысты, сол үшін ол ауруды емдеу керек. Дәрігер сенің тыныс алу жолдарынды тексеріп, ем жазып береді.
  • - егер ол әдет болса, арқада жатып ұйықтап көр немесе ауызбен емес мұрынмен демалуға тырыс.
  • - егер нервтен, не стресстен деп ойласаң невропатологқа қарал. 

Сонымен қатар, тыныс алу гимнастикасымен айналыссаңыз болады.  Рамачараканың «Наука о дыхании» деген кітабы жақсы.

 

0 дауыс
Ұйықтар кезінде тамақ же, су іш, аузыңды шай. Осындай нәрселер жасасаң кететін шығар.
Су ішпе ауызың құрғағанша.
+1 дауыс
Бұл ауруға жатпайды, ол сіздің ерекшелігіңіз. Оны қойдырамын деп әуреге түсе бермеңіз , уақыт өте келе жай жайдан басылып кетеді
Кішкентайымнан бері талай уақыт өтті, бәле болды.
0 дауыс
мендеде солай уйыктаганда ағып корпе жастык малмандай су болады
...