+2 дауыс
16.0k көрілді
Ұйықтағанда ауызымнан сілекей аға береді? Не істесе болады?

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Ұйқы кезінде ауыздан сілекей ағуының бірнеше себептері бар. Олар :қызыл иектің және ұрттың кілегей қабықтарының  қабынуы, сәбилерде тіс жарып жығу кезеңінде, ересектерде ақыл тіс шыққанда,адам қатты шаршап ұйықтап,жақ еттері қатты босаңсығанда, адамда әлсіздік пайда болғанда (көктемгі әлсіздік), және кейбір адамдарда ішек құрттарын жұқтырып алғанда болады екен.Тіпті қан аздық ( анемия) болғанда, витаминдер жетіспегенде де  әлсідікке ұшырап, тез шаршағыш болған адамдарда  ұйықтағанда аузынан сілекей ағады.Ауыздағы сілекей бездері қабынғанда да  ұйқы кезінде сілекей ауыздан ағып, езуді ойып жібереді.Кейбір адамдарға мән беріп қараса, езулері жара болып тұрады, тіпті күлген кезде қанап кетуі де мүмкін.Сондықтан тек сілекейге ғана мән бермей,себебімен күресу керек.Ауыз қуысының гигиенасын қатаң сақтаған дұрыс. Ауыз қуысын ромашка, календула, шалфей сияқты шөптердің қайнатпасымен шайқап түрған дұрыс.  Ал сізге ИМУДОН деген дәріні аптекадан алып қолдануға болады. ішетін дәрі емес , соратын дәрі Иммунитеті көтереді,ауыздағы иістіде кетіреді,сілекейдің шамадан тыс бөлінуін де тоқтадады.. Бірінші нұсқаулығын мұқият оқып алыңыз.
+1 дауыс
Меніңше оның еш жамандығы жоқ шығар деймін, демек беріліп,тәтті ұйықтайсыз.
+1 дауыс
Ұйқтағанда мұрныңызбен  емес,ауызбен демалатын боп тұрсыз,сондықтан аузыңыз ашылып қалады,ауыз ашық болғасын аузыңыздан су ағады.Мұрында,кеңсірікте бір ақау бар шығар.
0 дауыс
Көрпе жастықты былғап тастайсыңба?
+1 дауыс
Дәрігерге көріну қажет деп ойлаймын . Ал негізінде арқаңмен тік жатсаң ауызың ашылып қалмас . Осылай істеп көр.
Ашылатын ауыз қалай жатсаңда ашылады емеспе...
Жоқ олай емес , менің бауырымдікі де солай , тік жатқызсам ауызы ашылмайды дұрыс ұйықтайды , ал шаршап келіп қырынан жатса ауызынан су ағады тунде !
Белгісіз
Әр түрлі адам бар емес пе...
+1 дауыс
Сіздің ауызыңыздан сілекей ақса демек сіз етпетінен немесе бір қырын жатасыз. Ал етпетінен немесе бір қырынан іш құрылысының ауруы бар адам жатады. Ретгенге түсіріліп дәрігерге қаралыңыз.
+1 дауыс
Ұйықтағанда ауыздан сілекей ағу бұл нерв жүйесінің тосылғанынан хабар береді. Дәрігерге барып тексеріл.
...