Денелердің электрленуін байқауға арналған аспап қалай аталады?

+1 дауыс
15.6k қаралым
Денелердің электрленуін байқауға арналған аспап қалай аталады?
• Санаты: Физика | 15.6k қаралым

2 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап

Электроскоп (грекше electro-электр, stereo-көремін) - денелердегі электрленуді байқайды.

Электроскоп – (электро... және грек. skopeo – көремін) дененің электрлену дәрежесін анықтауға арналған прибор. Ол жеңіл металл (алюминий) жапырақшалар ілінген металл шариктен (не сырықтан) тұрады. Шарикке (не сырыққа) электрленген денені тиістіргенде жапырақшалар бір-біріне тебіледі. Жапырақшалардың бір-біріне қашықтау дәрежесі (арасындағы бұрышы) шамамен шарикке (сырыққа) берілген электр зарядының мөлшеріне пропорционал. Егер электроскоп металл қораптың ішіне орналастырылып (металл қорап сырыққа тиістірілмейді), сым арқылы жермен қосылса, онда жапырақшалардың арасындағы бұрыш электроскоп шаригіне (сырыққа) тиістірілген дененің жермен салыстырғандағы потенциалының өлшеуіші болады. Электроскоптың бұдан басқа да түрлері бар.

image

image

image

0 дауыс
Электроскопдеп аталады
127,951 сұрақ
322,846 жауап
153,167 пікір
72,951 қолданушы