0 дауыс
1.2k көрілді
Жаңа тв.дан көргем.Қарақат қыз жiбек әнiн орындағанда тартып отырған аспап қалай аталады? Көргендер бар ма?

4 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Жетіген – жеті ішекті дыбысты көне шертпелі аспап. Аспап келбеті ұзынша келген жәшік тектес болады. Беті жұқа тақтайшамен жабылып, үн беретін ойықтар салынады. Көне түрінде 7 ішегі болған және оларға тиек ретінде 7 асық тағылған. Ішектер аттың қылынан тартылып, әуен ырғағын қалпына келтіру үшін асықтар қойылған. Бұл аспаптың қазіргі заманда шыққан жаңа түрінде ішектер саны 25-тен асады. Дыбыс көлемі 2-2,5 октаваға дейін жетеді.  Барлық ішектеріне құлақ күйін келтіретін арнайы үлкен тиектер тағылады. Тыңдаушыларға жағымды әсер сыйлайтын жетігенді ертеде көк пен жерді байланыстыратын ғажайып қасиетке бай аспап деп, оны тек сарайларда, шағын топ алдында ғана ойнаған.

Жетіген аспабы түркі тілдес халықтарында кездеседі. Татар халқы «етиган», тыва халқы «жадықан», хақастар «шатқан» т.б. халықтар аспапты өз тілінде атаған.

Жетіген аспабының ноталық жүйесін белгілі этнограф-ғалым Болат Сарыбаев анықтады. Бұл күнде аспап кеңінен насихатталып, халыққа танылып, дамып келеді.

![description][1]
Жетіген аспабының шығу тарихы

Бағзы заманда бір қарттың жеті ұлы болған екен. Ел ішінде бір жылдары қатты жұт болып, көпшілік қауым ашаршылыққа тап болады. Аштықтан жеті ұлы қайтыс болады. Қания есімді үлкен ұлы қайтыс болған кезде кепкен ағаш бөлігін ойын алып, ішек тартып, тиек тағады. Қайтқан тұңғыш ұлына арнап, «Қарағым» күйін шығарады. Қаниядан соң, екінші ұлы Төралым қайтқан кезде, екінші ішекті тартып, «Қанат сынар» күйін орындайды. Үшінші ұлы Жайкелді өмірден өткенде "Құмарым", төртінші ұлы Бекенге арнап "От сөнер", бесінші ұлы Хауасқа "Бақыт көшті", алтыншы ұлы Жүлзарға "Күн тұтылуы" күйлерін шығарады. Ең кіші ұлы Қияс қайтыс болғанда ақсақал жетінші шекті тартып, "Жеті баламнан айрылып құса болдым" атты күй шығарады. Қара жамылған қарт әр күйді орындау барысында әр баласының бейнесін әуен арқылы көрсетеді. Бұл күйлер кеңінен таралып, әрі қарай дамып «Жетігеннің жеті күйі» не «Жетігеннің жетеуі» деп танылады. Аспап атауы жеті және ән сөздерінен құралып, «жетіген» деп аталған


  [1]:
Айың тусын оңыңнан, жұлдызың тусын солыңнан..дей келген әнінде осыны көргем...Ғы
Әлішер тамаша жауап  саған +1
Аңызыңыз өте әдемі, бірақ жетігеннің алғашқы нұсқасы бір октаваға, яғни жеті нотаға негізделіп шығарылғасын "Жетіген" деп аталған
Бірақ тамаша жауап мененде +1
Аңыз Инет-тікі, материалдың уақытша  "иесі" - мен. Анық-қанығы сен айтқан нұсқа болса, жарайсың.
Керемет! Рахмет!
Белгісіз
Рахмет Алишер ағай! расымен біліп жүретін мағұлмат екен.
Бір ақ Октава) мұнысы қызық екен.Кейбір әуендерді орындалмайды деген сөз ғой онда.
+2 дауыс
Жетіген тартушы еді Қарақат, бірақ сіз айтқан әнді көрмедім.
+1 дауыс
Қарақат  жетіген  аспабымен  Қыз  жібек  әнін  орындайды
0 дауыс

ЖЕТІГЕН ЖЕТІГЕН ЖЕТІГЕННННННННННННННННННННННННННННН

Ұқсас сұрақтар

...