+2 дауыс
337 көрілді
Спам деген не? FAQтан таба алмадым, бір байқағаным қолданушылар ұнамаған жауапқа басады екен.

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Спам бұл Википедия жазылғандай http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BF%D0%B0%D0%BC Бұл белгісіз хаттар мен жарнамалар СПАМ деп аталады.

Яғни сайтта басқа қолданушы өзінің сайтын жарнамалап жатса ол сұрақ, жауап немесе пікірді спам ретінде белгілеп кетесіз. 3 спам белгісін алса, менің почтама автоматты түрде хат келеді. Осы сұрақ, жауап немесе пікір спам алды деп. Егер оның саны 5-еу болатын болса онда мен көрмей жатып-ақ автоматты түрде сұрақ, жауап немесе пікір жасырылынып қалады. Ұнамаған жауапқа спам басылғаны дұрыс емес. Ұнамаған жауапқа +- батырмасы басылуы керек. Яғни сайттың дауыс беру жүйесі ақаусыз, жақсы жұмыс жасап тұр. Дауыс беру жүйесі туралы FAQ табуға болады.

Әрине мен сайт қолданушыларына спам батырмасын егер бір адам дөрекі, боқауыз сөз жазып, адамның жеке басына қатысты балағаттайтын сөз жазса спам басып, маған тезірек ол жазбаны табуға мүмкіншілік жасасын деп ескерткенім рас. Себебі 3 спам алса маған хат келген соң міндетті түрде ашып көремін. Егер сайт ережесіне сайт келмейтін нәрсе жазылса, жасырып қоямын. Егер спам белгісі дұрыс қойылмаған болса алып тастаймын.

Рахмет. Осы бүгін, ертең FAQ бетіне спам туралы толық ақпаратты енгізіп, толықтырып шығамын.

+2 дауыс

Дөрекі ((өзіңізге ұнамаған)) сұрақ не жауапқа спам баса аласыз. 3 спам алынған сұрақ не жауаптар автоматты түрде Админге ескертпе хат ретінде барып отырады, 5 спам алынған сұрақ не жауап автоматты түрде жасырылады. Деп... еді Админ бір сөзінде.

Спам дегенді басқаша түсінетін едім, Админ не дейді екен?
...