+4 дауыс
334 көрілді
Бұл сайт-сұрақ қоятын сайт екенін білемін,сайт ережесін бұзып отырғаным үшін кешірім сұраймын.Бірақ,менің осы сайт қолданушыларына бір өтінішім бар.Құрметті қолданушылар,егерде достарыңыздың,таныстарыңыздың,туыстарыңыздың арасында халыққа пайдалы кеңес бере алатын маман иелері(мысалы,заңгер,адвокат,тіпті қарапайым тұтынушылар хұқығы туралы кеңес беретін,МАИ қызметкері болсын) болса,соларды осы сайтқа тіркелуін,осы сайттың қолданушысы болуына үгіттеулеріңізді сұраймын.Неге десеңіз,соңғы кезде сайтта :"есеп шығарып бер,мені жігітім тастап кетті,сізге қандай қыздар ұнайды"....деген сияқты сұрақтар қаптап кеткенін бәріміз білеміз.Сайтта сапалы қолданушының санын көбейтуге атсалыссақ жақсы болар еді.Сайт ережесін бұзғаным үшін тағы кешірім сұраймын.
Нәке,ешқандай ереже бұзылып тұрған жоқ,қайта өте өзекті сұрақ деп ойлаймын.Осы жағын бәріміз ойлансақ жақсы болар еді деймін.
Қолдағаныңыз үшін көп рахмет!
Иә ешқандай ереже бұзылғанын көріп тұрған жоқпын

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Өте дұрыс шешім сіздерге қосыламын! Жане де осы сайтқа психолог мамандар керек! Көптеген қолданушылар осы өз-өзін қинап жүрген көкейінде жүрген сұрақтарын қойып жатады! Ал біздер ол адамның жағдайын түсінбегендіктен жай ғана өз пікірімізді бiлдiрiп жатамыз,немесе бір сайттардан тәмсілдерді көшіріп жазып жатамыз! Ал ондай сұрақтарға ол адамды шынай сезініп түсiнiп нақты жауап беретін психолог мамандар керек-ақ!
Дұрыс айтасын!
+2 дауыс
Дауыстарға қарасам көпшілік қолдайтын сияқты... Өзім де солардың қатарындамын. Шынымен сайтта бос сұрақтар көбейіп кетті, жақсы сұрақтар мен жауаптар жазатын қолданушылардың керегі байқалады. Таныстарымды да осы сайтқа тіркелуге үгіттеудемін... Сайтымызда пайдалы кеңестер беретін қолданушылардың көбейетініне сенімдімін!
Рахмет,Купидончик! сен сияқты қолданушыларымыз көбейе берсін!
+2 дауыс
Өте орынды ұсыныс! Менен плюс 1. Өз басым компьютерлер, халықтық медицина және дін туралы сұрақтардың барлығына дерлік жауап жазып жүрмін.
...