Жанұя | 65.1k қаралды
65.1k қаралды
Мен әжемді қатты жақсы көрем.өкінішке орай ол жақын арада қайтыс болды.Жақында түсіме әжем кірді.Ол тіріліп мені құшақтап жатыр!Бұл қалай жорамалданады?

23 жауап

Егер түсіңізде қайтыс болған әкеңізді, атаңызды, анаңызды не әжеңізді көрсеңіз, бұл қиындықтардан арылатыныңызды аңғартады.

Жаныңда тірі жүрген адамдар түсіңізде бақилық болса, олардың ұзақ өмір сүретіндгінің белгісі.

Қайтыс болған адам сізді ұрып жатқан болса, ол сіздің күнәлі іске барғаныңызды аңдатады.

Егер қайтыс болған адам түсіңізде жаман әрекеттерге барса, ол сізді дәл осы әрекеттерден сақтандырғанын білдіреді.

Қайтыс болған адам отбасын құрмаған болса, жақын арада үйленетініңіздің белгісі. Ал егер қайтыс болған адам отбасылы болса, жақындарыңыздан алыстауыңыз немесе ажырасуыңыз мүмкін.

Бақилық болған адам түсіңізде игі іс жасаса, бұл сіздің де осы істі жасауыңыз керектігінің нышаны.

Қайтыс болған адам түсіңізде тірі жүріп, жағдайы жақсы болса, бұл оның о дүниедегі жағдайының жақсылығын аңғартады.

Егер түсіңізде қайтыс болған адаммен құшақтасып, сөйлессеңіз, ғұмырыңыз ұзарады.

Түс көруші қайтыс болған бейтаныс адамды сүйсе, күтпеген жерден бақыт пен байлыққа кенелуі ықтимал. Егер қайтыс болған танысын сүйсе, ол адамнан білім үйреніп немесе артында қалған байлығын иемденуі мүмкін.

Түсіңізде қайтыс болған адам жақсы әрі таза зат ұсынса, ол - өміріңізде күтпеген жерден қуантарлық және қайырлы затқа ие болатыныңыздың белгісі. Ал егер ұсынған зат кір болса, алдағы күндері жаман әрекетке баруыңыз мүмкін.

Қайтыс болған адам түсіңізде мешітте жүрсе, ол адамның жаны тыныш тапқандығын аңғартады. Себебі түсте көрген мешіт - тыныштық пен қауіпсіздіктің белгісі.
Жақсы Жауап
Қазақта ондай түсті "аруақ сағынып ойлап жүрген ғой" деп жорытады.
Тусинде олген адам сойлесе де,кушактаса да не истесе де ол шындык нарсе болып есептеледи сен оны сагынгасын келип сагынышынды баскан гой жаксы тус!
білесіз бе мен де алдында әжемді көрдім.Ол 10-15 жыл бұрын қайтыс болған.Бірақ мен әжемді өнімде көрдім.

Мен ұйықтап болып көзімді ашайын десем ашалмайм сол кездегі қорыққыаным -ай.Мен сол кезде қараңғы түнекте қалып қойғандай болдым.Сосын әжемді көрдім Ол жеңжулі дауыспен маған бұл бөлмеге ұйықтама мен ұйықтайын деп жатырмын деді Сол сәтте қалай екені белгісіз жана ашалмай жатырған көзімді ашылып кетті.Содан соң көп күн ұйықтауға қорқатынмын.

Жомарттың айтқанымен келісемін:Аруақ сағынып ойлап жүрген ғой

Тусімде 1 жыл болып қалған  кайтыс болган ауылдасым  ер адам сондай бир куанышпен мәз боп кушактап суйіп жатыр ,ол туралы оилап немесе  керемет жакын  араласкан жокпын ол касымда  турып алып  сен менде кой бар екеніне сенбедің қазір саған 4 қой акелед деді мәз боп тур.  Бұл қалай жорамалданады?
Апам тусимде аппак,адеми болып отыр .Мени кушактап,суйип жатыр.менде кушактадым.Апам кайтыс болмады,отирик алдынгы болган жагдай дегендей,сезиндим.Сагынып журм,жылап аламын...
Тусимде бир киси кайтыс бопты мени соган киналап жатыр жердин бари кан мен жаигана отип бараткан едим нени билдиреткен айтып жиберниздерши.
Мұғжиза(құдірет) пен сиқыр(алдау) сияқты кез келген нәрсеге шайтан араласып,адастырады.Тура жол біреу,адасатын болжамдар жолы көп.Шайтан адам кейіпіне ене алады(адастыра алады) немесе сол адамның өзі(алдау емес).Шайтан пайғамбарымыз Мұхаммадтың(с.а.у.) кейіпіне ене алмайды!
Түсімде өзімнің бөлмемде қоқыстарды жинап, ортаға үлкен қылып үйіп өртеп жатыр едім, көрші екі бала біреудің өлген денесін əкеліп, отқа тастады. Мен соны өртеп жібердім, қол-аяғын ұстадым! Ол ненің белгісі???
түсімде қайтыс болған атам маған нан ұсынды ненің белгісі???
Тусимде бакилык болган анам маган жемис сыйлады мен алмадым. Жанагы жемис пиязга уксайды бирак исы тым татты анам маган бул пияз емес алагой деседе алмайм сосын ози жанагы жемисти артасынан жудырыгымен бир болип касында озимен бирге тамак жеп откандарга берди анамды сагындыым
Мен тусимде апайымнын дуниеден отип , мен оны сагынып отырып жылап отырамын. И онимненде жылап жатыр екенмин. Бирак
Тусимде кайтыс боган акем кей кездери мас боп киреди ренжули болады неге?
Түсімде күйеуімнің қайтқан атасын көрдім. Ол кісі біздер үйленбестен 1 жыл бұрын өмірден озған екен. Түсімде менің үйіме келген екен. Бойы аласа, шашы қара, ескі бірақ таза киім киген екен. Мен үйде басыма орамал тақпағасын сəлем салмадым. Шай əзірлеп беріп тағамын деп ойладым. Сол кезде апамызда келді. Ол өте қатты қуанып кетті. Шалына шай апарып өзі қызмет жасап жүр екен. Қолыма түскен үйдегі ескі бөкебайымды тауып басыма орап алдым,  барып сəлем салдым. Бірақ ол кісі телевизор қарап қалғып кеткен екен. (Соңғы жылда)
118,122 сұрақ
304,621 жауап
153,303 пікір
66,749 қолданушы